Главная Новости Көмек сұраған сырқаттың бетін қайтармады
29 қаңтар 2020, 13:53 2458

Көмек сұраған сырқаттың бетін қайтармады

Көмек сұраған сырқаттың бетін қайтармады

Маңғыстаулық мұнайшылардың "Мұнайлы өлке" қайырымдылық қоры қызметінің үш жылында, оның есепшотына 6 миллион теңгеден астам қаражат жиналып, 33 азаматтың өтініші қанағаттандырылған. "Қиындыққа ұшырағандардың арасында өзіміздің әріптестерімізбен қоса өлкенің өзге де тұрғындары бар" дейді Қор құрылтайшылары атынан "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ маманы Ғани Әбдісадық.

Ол Қор жұмысын жүргізгені үшін ешкім жалақы да, еңбекақы да, сыйақы да алмайтынын айтады. 

"Бәрі қайырымдылық негізінде жүзеге асырылады. Ендеше, жасаған жақсылықтарыңыз үшін Қор құрылтайшысы ретінде өз атымнан, шапағатыңыз тиген замандастарымыздың атынан үлкен алғыс білдіріп, Қор көмегіне жүгінген кейуананың «Сіздерді Алла сыйласын!» деген әдемі сәлемін жеткіземін!" - дейді Ғани сауапты іске белсенді атсасылудағы мейірімді жандарға арнап.

Сонымен, өткен 2019 жылы көрсетілген көмек сомасы 3 384 670 теңгені құраған. Бұл қаражат түрлі себептермен көмекке зәру болған 13 азаматтың өтініші бойынша жұмсалғанын атап өту керек. Олардың 11-і Компания қызметкерлерінен (өздерінің науқастануына байланысты – 4 өтініш, ата-анасының науқастануына байланысты – 2 өтініш, балаларының науқастануына байланысты – 4 өтініш, жұбайларының науқастануына байланысты – 1 өтініш), тағы 2-і өзге азаматтардан келіп түскен.

2019 жылғы қаражат есебінен қаржыландырылған соңғы 3 өтініштің алғашқысы Қаламқаста 25 жыл қызмет еткен А.Өтебергеновтың жұбайынан қабылданған. Мұнайшы созылмалы қатерлі ісік ауыруына шалдығып, қымбат әрі үздіксіз ем алуға мәжбүр болған. Өтініш негізінде Қор қаражатының 200 000 теңгесі мұқтаж отбасыға табысталған.

Келесі өтініште, Жетібайда қызмет ететін Е.Тұрбергеновтің әкесі, Компанияның бұрынғы қызметкері  Б.Тұрбергеновтің елімізде жасалмайтын күрделі отасына 515 000 теңге қарастырылған.

2019 жылдың есебінен қаржыландырылған соңғы өтініш - қаламқастық Д.Жанбатыровтың баласының денсаулығын оңалтуға қалған 507 000 теңге берілген.

"Қор салымшысы боламын деген жандарға есігіміз әрдайым ашық екенін қайталай ескертеміз. "Алған қолдан берген қол жақсы", "Садақа жетпіс түрлі бәленің жолын кеседі" деп жатады. Ендеше, кел замандас, қатарға қосыл. Біз сізді 6-шы шағын аудан, бұрынғы «КазНИПИ» ғимараты, 241 кеңседе күтеміз. Ақпарат үшін 212-492 телефон нөміріне хабарлассаңыз болады", - дейді сөз түйінінде Ғани Әбдісадық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: