Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылдың соңына дейін көмір тасымалдау тарифтерінде өзгеріс енгізілмейді. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов айтты.
Сонымен қатар, өзге жүктермен салыстырғанда көмір тасымалдау тарифі ең төмен болып саналады. Мәселен, аталмыш тариф қара металдардың тарифінен 5 есеге, қара металл сынықтарынан 4 есеге және ағаш жүйлерінен 2,5 есеге төмен.
Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі көмірді тасымалдау кезінде көлік шығыстарының үлесі орта есеппен 8%-ды, сервистік вагон компанияларының үлесіне 10-12%-ды, ал қалған 80% үлесі көмір разрездері мен трейдерлердің кірістеріне тиесілі болып саналады.