Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2018 жылдың сәуірінен бастап "Самұрық-Энерго" компаниясында "Комплаенс" атты жаңа қызмет жұмыс істей бастады. Банк саласында табысты қолданылып жатқан бұл бақылау қызметінің түрі бүгінде ірі бизнес саласында, соның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобында жолға қойылуда. SK News редакциясы осы тың өркениет мәдениетінің энергиялық холдингте енгізілу барысымен танысып қайтты.
Компанияда Комплаенс қызметі жолға қойылғанын жұмыс орындарына жетпей-ақ байқауға болады. Лифттерге кіреберісте, сондай-ақ көзге түсетін жерлерге ілінген "жедел желі" жұмысы туралы хабарландырулар қызметкерлердің де, холдингтің Корпоративтік орталығына және еншілес компанияларға келушілердің де назарына ілінетіні анық.
Самұрық-Энергода әрбір қызметкер ұстануға тиісті Комплаенс бағдарламасын – заңдарды және ішкі құжаттарды сақтай отырып, бизнес жүргізу мәдениетін енгізудің қарапайым тетіктері деуге болады. Бізді қызмет басшысы – Дәурен Ақшалов пен бас менеджер Дәурен Тулин қарсы алды. Осы тұста реттеуші нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын бақылайтын Комплаенс қызметкерлерін әлемдік озық тәжірибеге сәйкес, Директорлар кеңесі тағайындап, есебін тыңдайтынын атап өткіміз келеді.
Дәурен Ақшалов бізді Корпоративтік орталық қызметкерлерініңжұмыс орындарына ертіп келді. Кейбір жұмыс компьютерлерінің мониторларындағы күту режимінде "Біздің басты құндылықтар", "Біздің қағидаттар", "Комплаенс", "Мүдделер қақтығысы" деген тақырыптағы слайдтар бейнеленген.
«Бұлар Комплаенс мәдениетін қалыптастыру және Әдеп кодексінің нормаларын қызметкерлер назарына жеткізу үшін қолданылған идеяларымыздың бірі. Кодекс нормаларын еске салып тұру оны қызметкерлердің санасына терең сіңіруге көмектеседі және де холдингтегі мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып, сол арқылы әдеп қағидаттарының бұзылуына жол бермейді», - деп жымиды Дәурен Ақшалов мониторларды нұсқап.
Комплаенс функциясын қаржы саласына енгізуде мол іс-тәжірибесі, сондай-ақ International Compliance Association (UK) комплаенс саласындағы халықаралық дипломы бар Дәурен енді оны квазимемлекеттік секторға енгізуде. Ол "Самұрық-Энерго" АҚ-ға келгеннен кейін, 2018 жылғы 29 маусымда компания мен оның еншілес ұйымдарында Әдеп кодексі және Белсенді түрде ақпараттандыру саясаты (орталықтандырылған жедел желі саясаты) қабылданды. Сондай-ақ,үш шепті қорғаныс моделіне сәйкес, комплаенс-менеджменттің негізгі бағыттарын айқындайтын Комплаенс тәуекелдерді басқару саясаты қабылданды. Комплаенс функциясы энергия холдингінің негізгі бизнес процестеріне ойдағыдай енгізілуде, корпоративтік интернет-ресурста ашылған "Комплаенс қызметі" деген бөлімде комплаенс тақырыбындағы оқу бейне-роликтері мен материалдары орналастырылып, сұрақ қою мүмкіндігі қарастырылған. Энергиялық холдингтің топ-менеджменті тарапынан Комплаенс бағдарламасына қолдау көрсетілетінін, көзқарас оң екенін ерекше атап өту қажет.
"Әдеп кодексі, түптеп келгенде, бірнеше міндетті: басқарушылық, беделдік және корпоративтік міндетті қатар шешеді. Әдеп кодексі бүгін ойлап табылған жоқ. Әлем тарихы мінез-құлық ережелері жазылған бірқатар құжаттардың бұрыннан болғанын көрсетіп отыр. Мәселен, солардың бірі – осыдан 300 жыл бұрын жазылып, бүгінгі күні айтарлықтай өзгеріссіз сақталған "Самурай кодексі", - деп атап өтті "Самұрық-Энерго" АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов.
Кодекс құндылықтарды, мінез-құлықтың негізгі қағидаттары мен стандарттарын белгілейді, барлық тараптардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Құжат корпоративтік мәдениетті дамытуға, нарықтың ашық әрі адал қатысушысы ретінде Самұрық-Энергоның беделін нығайтуға бағытталған. Комплаенс қызметінің бас менеджері Дәурен Тулиннің айтуынша, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, ұрлық және бизнесті адал жүргізбеу кез келген компанияның беделіне нұқсан келтіретіні даусыз.
"Бедел Самұрық-Энергоның аса құнды активі болып табылады. Әрбір қызметкер Компанияның беделін нығайтуға ұмтылып, активтердің өсуіне, олардың құнын қалыптастыруға үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіс", - дейді Дәурен Тулин.
Кодексте Самұрық-Энергоның қызметкерлері белгілі бір жағдайлар орын алғанда не істеу керек екені – әріптестерімен қалай қарым-қатынас жасауы, неліктен сыйлықтар алуға болмайтыны, әлеуметтік желілерді пайдалануда кездесетін сын-тәуекелдер - міне осының бәрі нақты айқындалған.
"Егер қызметкерлеріміз Әдеп кодексінің маңыздылығын және оны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын түсінсе, онда бұл Компанияны сыбайлас жемқорлық әрекетіне тарту тәуекелдерін едәуір азайтады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарас білдірілмесе, дертті идея адамдардың ой-санасына барған сайын тереңдей сіңіп, олардың пейілін бұзады, түптеп келгенде – компанияның беделіне сызат түсіреді", - деп атап өтті "Самұрық-Энерго" АҚ Комплаенс қызметінің басшысы.
"Самұрық-Қазына" қоры тобына қарасты компаниялардағыдай Самұрық-Энергода сыбайлас жемқорлық пен парақорлық деректеріне нөлдік төзімділік айқындалған. Егер қызметкер Әдеп кодексін және заңнаманы бұзушылықпен бетпе-бет келген жағдайда не істеу керек екендігі Белсенді түрде ақпараттандыру саясатында жазылған. "Жедел желіге" келіп түскен хабарламаның бәрін Deloitte тәуелсіз компаниясы саралап отырады.
"Самұрық-Энерго" АҚ-да Комплаенс қызметінің жұмысы басталғалы бері қызметкерлерден бірнеше өтініш келіп түсті, бірақ олардың бәрі анонимдік хабарламалар болатын. Мүмкін, адамдар жұрттың алдында ашық айтуға қорқатын шығар. Алайда, қызметкерлердің қорқуы орынсыз – Белсенді түрде ақпараттандыру саясатына сәйкес, заңбұзушылық туралы хабарлаған қызметкерлер немесе өзге адамдар ешқандай жазаға тартылмайды. Олардың құқықтары мен мүдделері толығымен қорғалады, соның ішінде жұмыс орны сақталады. Қосымша айта кетейін, орталықтандырылған "жедел желі" жұмыс істегелі бері және келіп түскен шағымдарды тексеру нәтижесі бойынша түзеу шаралары, сондай-ақ ереже бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазалау шаралары белгіленді", - деп атап өтті Дәурен Ақшалов.
Биыл Комплаенс қызметі "Самұрық-Энерго" АҚ Корпоративтік орталығының және бірқатар еншілес ұйымдардың қызметкерлері үшін "Комплаенс функциясы", "Жаңартылған Әдеп кодексі және Белсенді түрде ақпараттандыру саясаты" тақырыбында тренингтер өткізді.
2018 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесе отырып, Корпоративтік орталықтың және бірқатар еншілес ұйымдардың қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының квазимемлекеттік компанияларда қолданылу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Дәурен Ақшаловтың айтуынша, энергиялық холдингтің кәсіпорындарында комплаенс функциясы енгізіліп, тиісті қазіргі заманғы өркениет мәдениетінің қалыптасатыны туралы ақпаратты қызметкерлер оң қабылдаған.
Аркадий МҰХАМЕДЖАНОВ
Материалдың түпнұсқасы: bit.ly/2BRM316