Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3-тармағына сәйкес 2025 жылы Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) қуатты 2640 МВт қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты:
Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 31 шілде 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 15 тамыз сағат 13:00.
Тендер «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес өткізіледі. Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/876464?lang=kk ).
Тендерге қатысуға өтінімдер Қағидаларға сәйкес рәсімделеді және мына мекенжай бойынша беріледі:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы 19, А блогы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
Байланыс үшін: 8 (7172) 78 97 37, 8 702 335 44 48 8 (7172) 78 97 53, 8 708 758 72 87
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
69
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы