Главная Новости Қор мақсаты – көміртек ізін 10% төмендету
08 қазан 2021, 07:57 1395

Қор мақсаты – көміртек ізін 10% төмендету

Қор мақсаты – көміртек ізін 10% төмендету

Қазақстанның елордасында Дүниежүзілік энергетика апталығы және XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында «Энергетика адамзат игілігі үшін» атты форумы болды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгін XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында өткен жаһандық «Энергетикалық өңірлердегі тепе-теңдік, тұрақтылық пен қауіпсіздік балансын сақтау» тақырыбындағы пленарлық отырысың жұмысына қатысты. 

Сессияның негізгі тақырыбы Дүниежүзілік энергетикалық Трилемма Индексі болды. Трилемма Индексі дегеніміз үздік әлемдік тәжірибені анықтап, бағалау әдістемелері бойынша ортақ ұстанымға келіп, энергетикалық ауысуды жеделдетуге және тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған механизм. 

Өз сөзінде Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Трилемма Индексінде 42-орынға ілгерілеу – мемлекеттік органдардың, Отын-энергетикалық кешеннің ең ірі деген компаниялары, академиялық қоғамдастық пен салалық Қауымдастықтардың Қазақстанның энергожүйесінің беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмысының жемісі екенін атап өтті. 

«Самұрық-Қазына» АҚ ел экономикасындағы ролін және қоршаған орта мен қоғамға деген ықпалын ескере отырып, Қор өз қызметін Трилемма қағидаттарына сәйкестендіруді қамтамасыз етуді міндет қылады. Осы орайда, Біз көміртек ізін алдағы 10 жылдың ішінде 10% төмендету мақсатын қойып отырмыз. Мұнымен қоса, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық әлеуметтік-экономикалық дамудың басты басымдықтары болып қала береді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол сондай-ақ баламалы қуат көздерін дамыту және зияткерлік энергожүйені қалыптастыру қомақты инвестицияны қажет ететінін тілге тиек етті. Сондықтан, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың 10% ғана келетін ауыспалы экономика елдері үшін халықаралық даму институттарының тарапынан қаржыландыру және тәжірибе бөлісу жағынан қолдау қажет болады. 

Сонымен қатар, KAZENERGY форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және СИБУР Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында мұнайгаз химия жобаларын іске асырудың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойды.

Бұл құжаттарға сәйкес, тараптар интеграцияланған газхимиялық кешеннің негізінде бірлескен кәсіпорын құру шарттарын белгіледі. Атап айтсақ, әңгіме салуға жоспарланып отырған жылдық қуаты 1 250 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауытының құрылысы және салынып жатқан жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт жөнінде болып отыр. Осы екі жобада СИБУРдың үлесі 40% болады. 

Бірақ, СИБУР бұл жобаға тек полипропилен зауыты іске қосылғаннан кейін және қажетті реттеуші келісімдер бекітілгеннен кейін ғана кіре алады.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: