Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, Электрондық еңбек биржасы және Samruk Qyzmet порталдарының интеграциясын жүргізді. Енді «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіретін кәсіпорындардың орналастырылған бос жұмыс орындары ЭЕБ пайдаланушыларына қарап, пікір білдіру үшін қолжетімді болады.
«Біз Электрондық еңбек биржасының бос жұмыс орындары базасын тұрақты түрде кеңейтуге тырысамыз, бұл жұмыс іздеушілерге мүмкіндігінше көп жұмыс мүмкіндіктерін ұсынады. Осылайша, ЭЕБ-де Қор порталымен интеграцияның арқасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіретін 170-тен астам ұйымның бос жұмыс орындары қолжетімді болады», – деді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.
Қазіргі уақытта ЭЕБ-да Қордың 59 компаниясынан 900-ге жуық өзекті бос жұмыс орны орналастырылған, оның 650-і тұрақты жұмыс орындары.
«Екі порталды интеграциялау – бұл үлкен қадам, себебі қазақстандық пайдаланушылар үшін жұмысты жылдам әрі тиімді іздеу мүмкіндігі ашылады. Ал «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының компаниялары үшін жұмыс іздеушілердің көп санына қолжетімділік кеңейтіледі, бұл нәтижесінде білікті мамандарды неғұрлым сапалы іріктеуге ықпал етеді. Өз кезегінде, Электрондық еңбек биржасы порталы жаңа және өзекті бос жұмыс орындармен толықтырылды. Біз интеграцияны жүзеге асыру үшін көп жұмыс жасадық және енді жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар біздің еңбегіміздің нәтижелерін пайдалана алатынына қуаныштымыз», – деді «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете