Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасының "Ұлттық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің вирусолог-дәрігерлерінің кеңестерін ұсынамыз.
Коронавирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. С дәрумендері бар апельсин, киви, итмұрынды көбірек тұтынып, теңіз өнімдерін ас мәзірінен шектей тұрған жөн;
Ең алдымен жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып тұру керек. Бөлмені жиі желдетіп, түшкіргенде қол орамал қолданған жөн;
Медициналық масканы тек қана жабық бөлмеде ғана тағу қажет, әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек.
Еске сала кетсек, 2019 жылы бастау алған COVID-19 алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 2020 жылғы 19 наурыздан бастап карантин күшіне енеді.