Главная Новости Коронавирустың "лямбда" штамы туралы не белгілі?
Компания тынысы03 тамыз 2021, 12:30 320

Коронавирустың "лямбда" штамы туралы не белгілі?

Коронавирустың "лямбда" штамы туралы не белгілі?

Бұл штамм әлемнің 30-дан астам елінде тіркелді. Бұл тізімде Қазақстан жоқ, деп хабарлады Информбюро порталы. 

Шілде айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа "лямбда" мутациясын қауіпті штамдар тізіміне енгізді.

"Лямбда" деп аталатын SARS-CoV-2 мутациясы алғаш рет былтыр желтоқсан айында Перуде анықталды. Бұл Үндістанда пайда болғанға дейін елде өте кең таралған (инфекцияның үштен бір бөлігі) штамм болды. Вирус тез тарады: Аргентина мен Чилиде инфекцияның жаңа деректерінің үштен бірі дәл осы "лямбда" түріне байланысты болды.

Латын америкалық штамм

Шілде айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "лямбда" штамының әлемнің 30-дан астам елінде таралғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта "лямбда" штамы қызығушылық тудыратын вирустар қатарына жатады. Біз әр түрлі ғалымдармен жұмыс жасаймыз және бүкіл әлемнен ақпарат жинаймыз. Егер біз оның трансмиссивтілігі жоғары немесе өлім-жітімді арттырады деген қорытындыға келсек, онда ол алаңдаушылық тудыратын топқа ауыстырылуы мүмкін", – деді ұйымның сарапшысы Мария ван Керкхове.

Бразилияда ғалымдар вирустың S ақуызының жаңа мутациясына назар аударды, бірақ оның қауіптілігін бағалау әлі қиын. Алайда, дәл осы өзгеріс Перу ғалымдарын алаңдатады. Әдетте вирус геномының осы бөлігінде пайда болатын кез-келген мутация адамның жасушасымен байланысуға жауап береді, оның ағзаға ену және антиденелерден "тайып кету" қабілетінің жақсаруына әкеледі.

"Лямбданың" жаңа қасиеттері

Әзірге ғалымдарда "лямбда" штамы коронавирустың неғұрлым ауыр ағымын тудыратыны, өлімге әсер ететіні немесе вакцинаның әсерін әлсірететіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ кез-келген жаңа мутацияның жаңа оған бейімделуге мүмкіндік беретін артықшылығы шығады.

"Ол өзгереді, өзгеретін сыртқы ортаға бейімделеді. Жаңа штамм-жаңа крнструкция сияқты. Ол бейімделген, төзімді, жұқпалы, бүкіл әлемге тарала алады", – деді "Радио 1" эфирінде медицина ғылымдарының докторы, иммунолог Владислав Жемчугов.

Сарапшы жаңа штамм әлі ауырмаған немесе екпе алмаған адамдарға  жұғады деп санайды. Геномдағы өзгерістер оны коронавирустың көбеюге әкеп соғады, ол тарала келе коронавирустың алдыңғы нұсқаларын алмастырады. Маманның пікірінше, уақыт өте келе ол "дельта" штамын ығыстыруы мүмкін.

Штамм белгілері

Маусым айының соңында Ұлыбританияда жаңа мутация табылды. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі лямбда инфекциясының белгілерін атады, бірақ олар коронавирустың басқа штамдарынан ерекшеленбейді: бұл температураның жоғарылауы, үздіксіз жөтел, иіс пен дәм жоғалуы.

Екпелер "лямбдаға" қарсы тұра ала ма?

ДДҰ әзірге басқа штаммдары туралы сияқты, екпенің тиімділігі туралы нақты ештеңе айта алмайды. Сондықтан, зерттеу нәтжелерін күтуге шақырады.

Алайда, дәрі-дәрмектер жасап шығаратындар,   вакцина алған адамдар коронавирустың ауыр түрін жұқтырмайды, сондай-ақ Covid-19 жаңа түрлерінен өлім азаяды деп сендіреді.

Алғашқы коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы тіркелген Аргентинада қазір оның елдегі барлық штамдарға қарсы тиімділігі анықталып жатыр.

Аргентина ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей: "Спутник V "гамма" (бразилиялық штамм), "альфа" (британдық) және жаңа "лямбда" мутациясының нұсқаларына қарсы тиімді.

Proyecto PAIS (SARS – CoV-2 вирусының геномикасының Аргентиналық ведомствоаралық жобасы), BBEI жұқпалы ауруларының Биобанкі, Инбрис институты және Хосе де Сан-Мартин клиникалық ауруханасы зерттеулерінде "Спутник V" вакцинасын алған адамдар сарысуларының бейтараптандырғыш белсенділігінде ешқандай қиындықтар болған жоқ" делінген.

Ғалымдар "Спутник V" вакцинасымен егілген адамдарда Аргентинада таралған коронавирустың нұсқаларын бейтараптандыратын антиденелер пайда болғанын анықтады. Алайда, бразилиялық штамның "гамма" түрінде "Спутник V" препаратымен жазылып келе жатқан немесе вакцина аланғандарда бейтараптандыратын антиденелер  саны "қарапайым" коронавирусқа қарағанда үш есе азайды.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: