Главная Новости Қоршаған ортаға қамқорлық
08 маусым 2021, 07:32 2419 Нұрболат Аманжол

Қоршаған ортаға қамқорлық

Қоршаған ортаға қамқорлық

«CASPI BITUM» БК» ЖШС Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті.

«CASPI BITUM» БК» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жарияланған Экология жылы аясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Іс-шараны кәсіподақ комитетінің қолдауымен Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі мен Кадрлар бөлімі ұйымдастырды.

Ақтау битум зауыты өнеркәсіптік аймақтағы шөлді аумақта орналасқан, сондықтан мұнда көгалдандыру мәселесіне ерекше көзқарас талап етіледі. Көбінесе бөлім қызметкерлері де өз үлестерін қосып жатады: олар өздеріне тиесілі учаскелерді абаттандырып, түрлі өсімдіктер отырғызды, оларға күтім жасап келеді. Олардың ерекше ынта-жігерінің арқасында зауыт аумағында жақын арада жапырақтары сыбдырлаған нағыз бақ жайқалатын болады. Осылайша, Орталық-зауыт зертханасының қызметкерлері гүлдерге толы керемет гүлзарларды отырғызды, ал Алдын ала тазалау учаскесінде жұмысшылар раушан гүлін, шие, қарақат және басқа да жеміс ағаштарын өсіріп жатыр. Осы жылдың көктемінде Серіктестіктің кәсіподақ комитеті ағаш көшеттерін сатып алып, зауыт аумағында ағаш отырғызды.

Жұмысшылардың балалары арасындағы «Жасыл әлем – балалар көзімен» атты балалар сурет байқауы да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылды. Қазылар алқасын балалардың жұмысы таң қалдырғаны соншалық, олар барлық балаларды бірден марапаттауға ниет білдірді, және солай жасады да. Байқауға қатысушыларға сыйлыққа орамасына өздерінің суреті басылған шоколад берілді.

Ал жеңімпаздар ретінде конкурсқа шығармашылық тұрғыда қарап, өз суретінде экологияның қорғауға мұқтаж екенін және оны адамдардың өздері қорғауы керек екенін көрсеткен жас суретшілер танылды. Байқаудың ұйымдастырушылары дипломдар мен сыйлықтарды балаларға үйлеріне апарып табыстады.

5 маусым сенбі күні зауыттың барлық ұжымы бірлесіп экологиялық сенбілікке шықты, осылайша Серіктестіктің қызметкерлері бірлесіп жариялаған және зауытқа кіре берістегі баннерге ілінген «Таза болашақ – таза қазіргі сәтте» ұранымен өндірістің өзінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: