Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Ли Тецян мен Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кір тасын көтеру спортынан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған мұнайшыларды қабылдады. Басшылық спортшыларды жарқын жетістіктерімен құттықтап, жеңістерімен тек компанияның ғана емес, бүкіл ел атын асқақтатқаны үшін алғыс білдірді.
«Кен орнындағы қиын жұмысты ауыр спорт түрімен ұштастыру – үлкен еңбек. Жұмыс ауысымынан кейін де сіздер жаттығуға уақыт бөліп, жарыстарға дайындаласыздар. Біз сіздердің ұмтылысыңызды бағалаймыз және нәтижелермен мақтанамыз. Алдағы уақытта да жетістіктеріңіз еселене берсін», – деп атап өтті ҚБМ Басқармасы.
№3 мұнай өндіру цехының (№3 МӨЦ) операторы Нартай Алтыбаев пен технологиялық көлік басқармасының тиегіш көлік жүргізушісі Айдын Ахметов ұзақ жылдар бойы кір тасын көтеру спортының дамуына зор үлес қосып, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Ал 6 елден 300-ден астам үміткер жиналған Азия чемпионаты жігіттердің биік белесті бағындыруына жаңа серпін берді. ҚБМ Басқармасы атлеттерді ұжым атынан құттықтай отырып, Құрмет грамоталары мен компанияның 40 жылдығына арнайы шығарылған «Қазыналы Қаражанбас» мерейтойлық кітабын табыс етті.

«Барлық жарыстарда ерекше жауапкершілікті сезінеміз, өйткені біз тек спортшылар ғана емес, Қаражанбас мұнайшылары ретінде де өнер көрсетеміз. Компания басшылығына ерекше қолдауы үшін алғыс айтамыз. Бұл бізге одан сайын күш пен мотивация береді», – деді спортшылар.

Айта кету керек, Нартай ауыл жастарын жаттықтырады. Олар да өңір намысын лайықты қорғап жүр. Біздің чемпиондар әр түрлі вахта ауысымында жұмыс істейтініне қарамастан, үнемі жаттығып, жарыстарға сақадай сай жүруге тырысады. Осылайша, Қаражанбас спортшылары жастарға еңбекқорлық пен қажырлылық – кез келген бастамада табысқа жетудің кепілі екенін дәлелдеп келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
164
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете