Главная Новости Қостанайда биылғы астықта тасымалдау мәселелері талқыланды
29 қыркүйек 2023, 08:28 1044

Қостанайда биылғы астықта тасымалдау мәселелері талқыланды

Қостанайда биылғы астықта тасымалдау мәселелері талқыланды

 "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бастамасымен Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің жүк жөнелтушілерімен және тармақ иелерімен кездесу өтті. 

Кеңеске Қостанай көлік прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесуде 27 қыркүйектегі жағдай бойынша астық пен ұнтақ өнімдерін тиеу жоспары тек 32% орындалғаны атап өтілді. Негізгі және қосымша жоспарлар бойынша қыркүйек айында 864 мың тонна астық, оның ішінде 350 мың тонна астық, 233 мың тонна ұнтақ өнімі және 281 мың тонна астықты контейнерлерде жөнелту жоспарланған болатын. Жүк жөнелтушілердің айтуынша, егін жинау қарқыны төмен болғандықтан жүк тасымалдауға берілмейді.  

Сондай-ақ, тасымалдау процесіне қатысушылар контейнерлермен (8Н және 10Н параграфтары бойынша) жүк операцияларына рұқсаты бар станциялардың жұмыс істеу мәселесін талқылады. 

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін, жүктің және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету үшін және заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, контейнерлермен операциялар осы үшін техникалық және технологиялық мүмкіндіктері бар станцияларда рұқсат етіледі.  2023 жылдың 8 айында контейнерлермен тиеу-түсіру жұмыстары кезінде аралық фитингтік аялдамалары жоқ 2,4 мың вагон ажыратылды, бұл теміржолдағы қауіпсіздіктің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Кездесу қорытындысы бойынша контейнерлерде жүктерді тасымалдауға мүдделі тармақ иелеріне кірме жолдарды қажетті талаптарға сәйкестендіру ұсынылды.

Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің сұрақтарына толық жауап берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: