Главная Новости Қостанайда жаңа үйлердің тұрғындары Қазақтелеком қызметін таңдайды
17 наурыз 2023, 15:30 1077

Қостанайда жаңа үйлердің тұрғындары Қазақтелеком қызметін таңдайды

Қостанайда жаңа үйлердің тұрғындары Қазақтелеком қызметін таңдайды

Қазақстанның ірі телеком-операторы Қостанай қаласының Жаңа қала шағын ауданындағы 160-пәтерлік жаңа көпқабатты тұрғын үйді GPON технологиясы бойынша телекоммуникация қызметтеріне қосты. Аталған технология талшықты-оптикалық желі бойымен секундына 500 Мбит жылдамдықта мәлімет таратады.

Қостанайда 15 мыңнан астам абонент телекоммуникация қызметтеріне оптикалық байланыс желісі арқылы қосылған. Облыс орталығының жаңа көпқабатты үйлері, нақтырақ айтқанда 20 үй GPON технологиясы бойынша интернет желісіне қосылған. Солардың бірі Жаңа қала шағын ауданындағы тұрғын үй.

GPON технологиясы бойынша талшықты-оптикалық желімен интернетке қосылу – бұл абоненттің пәтеріне дейін кабель тартып, бір мезгілде цифрлық телевизия, интернет пен IP-телефония қызметерін ұсынуға мүмкіндік береді. Тұтынушы ғаламтордан фильмдер жүктеген кезде, бірден бірнеше құрылғылар қосылған жағдайда да оның сапасы мен мәлімет тарату жылдамдығыжоғары болады.

Қостанай қаласының тұрғыны Азамат Таутабаев GPONтехнологиясы бойынша интернетке қосылған жаңа тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алғандардың бірі. Баспананың кілтін алған сәтте, бірден ойланбастан «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қызметтерін қосуға өтінім берген.

«Компания қызметтерін пайдаланып келе жатқаныма 17 жыл болды. Байланыс операторлары көп, бірақ менің отбасым ұзақ жылдан бері сапалы қызметтерін ұсынғансенімді провайдер – Қазақтелекомды таңдайды.Мен кәсіпкермен. Құжаттарды рәсімдеуге және есептерді онлайн жүргізуге, көлемді файлдарды жолдауға, ең бастысы шетелдік әріптестермен келіссөз жүргізуге жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернет қажет, ал онымен Қазақтелеком компаниясы қамтамасыз етіп отыр», - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Азамат Таутабаев.

Заманауи адамның, әсіресе кәсіпкердің әр сағаты белгіленіп, жоспарланған. Күнделікті тірлікте компанияның кеңсесіне баруға уақыт табу қиын. «Қазақтелекомның» мобильдік қосымшасымен кеңсеге келуге еш қажеттілігі жоқ. Қосымшаға клиенттің ыңғай пайдалануы, уақытын үнемдеуі үшін қажетті сервистер енгізілген.Сатуды басқару департаментінің директоры Марат Сандыбаев Азамат Таутабаевқа мобильдік қосымшаның тиімділіктері туралы айтып берді.

«Біз мобильдік қосымшаны жасап, абонентке қажетті функцияларды қостық: есеп шотпен танысу, телекоммуникация қызметтері үшін төлем жасау, онлайн арна арқылы операторға хабарлама жолдау, қызметерді тұтыту туралы нақты мәлімет, қосылған қызметтерді басқару, тарифтік жоспарды өзгерту.Бұдан басқа, «Дүкен» сервисінде тұтынушыгаджеттер мен тұрмыздық техниканы онлайн сатып алады. Біздің команда «TelecomKZ» мобильдік қосымшасының абоненттерді үшін барынша қолайлы болуы үшінодан әрі жетілдіре түседі», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ ББД сатуды басқару департаментінің директоры продажами Марат Сандыбаев.

Есетіріңізге салсақ, «Қазақтелеком» АҚ Қостанай облысының ауылдық елді мекендерінде желіні дамытуда. Ауылдықтарға жоғары жылдамдықты интернетті ұсыну үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуға техникалық мүмкіндік жоқ жерлерге телеком-оператор сымсыз желі құрылысын қарқынды жүргізуде. Осылайша облыстың 12 ауылдық елді мекені жылдамдықты интернетке қосылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: