Главная Новости Қостанайда өрт сөндіру пойыздары жұмыс істеп жатыр
05 қыркүйек 2022, 11:18 2001

Қостанайда өрт сөндіру пойыздары жұмыс істеп жатыр

Қостанайда өрт сөндіру пойыздары жұмыс істеп жатыр

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жедел брифингте Қостанай облысындағы өртті жоюдағы теміржолшылардың жұмысын атап өтті, деп хабарлады Rail-news.kz.

"ҚТЖ бөлімшесі бізге үлкен көмек көрсетті. Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында жарылыс қаупі болды. Өрт сөндіру пойыздарының күшімен өрттің мұнай базасына таралуына жол берілген жоқ, бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін еді. Жұмыс жалғасуда", - деді Юрий Ильин.  

Өрт орнында Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Атбасар және Қостанай станцияларының бес өрт сөндіру пойызы жұмыс істеуде, 250 теміржолшы тартылды. Жаңа Есіл станциясының өрт сөндіру пойызы дайындықта тұр.  Пойыз құрамында цистерналар мен вагон-сорғы станциясы бар. Өрт сөндіру пойызының жалпы сыйымдылығы 100 тонна су, өрт сөндіру жеңдерінің ұзындығы бір шақырымнан асады.    

Есіл өрт сөндіру пойызының бастығы Мұрат Хасенов Аманқарағай станциясындағы өрт жағдайы туралы айтып берді. Өрт сөндіру пойызының қызметкерлері мұнай базасының резервуарларына жақын келген өртті сөндірді.  

"Жұмыс қиын жағдайда жүріп жатыр: түтін, түк көрінбейді.  Үйлесімді іс-қимылдар нәтижесінде өртті тоқтатып, стратегиялық нысандарға жібермедік. Жағдай бақылауда", - деді М.Хасенов.  

Құсмұрын станциясының өрт сөндіру пойызы тартымдық қосалқы станцияны өрттен қорғауға кірісті.

"Өрт орман жағынан келді. Біз оны тоқтата алдық, содан кейін жұмысты жалғастырдық: ТЖМ өрт сөндіру машиналарын сумен толтырамыз, бұл су көздерін іздеуге және оны автокөлікпен жеткізуге уақытты айтарлықтай үнемдеді", - дейді өрт сөндіру пойызының бастығы Берік Асанов.  

Өрт сөндіру пойыздарына 52 машина (300 тонна) су құйылды. Теміржолшылар аралықтарда инфрақұрылым нысандарына жалынның таралуын болдырмай, бөлінген жолақта өртті сөндірді, соның арқасында 4 қыркүйек күні таңертең жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы басталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: