Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Білім ордалары Береке және Әуежай шағын аудандарында ашылды. Бұрын бұл аудандардағы білім беру мекемелері оқушы санының көптігінен үлкен жүктемеге ұшырап, сыныптар лық толы болатын.
№31 және №32 жалпы білім беретін жаңа мектептердің құрылысын ұлттық жоба аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жүзеге асырды. Жоба апатты нысандарды, үш ауысымды оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жоюға бағытталған.
Мектептердің жабдықталуы бірдей болғанымен, сыйымдылығы әртүрлі: Береке мектебі 1200 оқушыны, ал Әуежай мектебі 900 оқушыны қабылдай алады.

Жаңа мектептерде оқушылардың қабілетін дамытуға қажетті барлық жағдай жасалған. Бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған жеке блоктар заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Оқу кабинеттері компьютерлермен және интерактивті тақталармен жабдықталған. Шет тілі сыныптарында лингафон жүйелері орнатылған. Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту үшін химия, биология, физика, информатика, робототехника кабинеттері мен STEAM зертханалары жұмыс істейді.
Мектептерде бірнеше спорт залы, хореография студиялары және заманауи жабдықталған жайлы асханалар бар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін лифтілер мен пандустар орнатылған. Еңбекке баулу шеберханалары заманауи станоктармен және тігін машиналарымен жабдықталған.
Мектеп кітапханаларына қазақ тіліндегі көркем әдебиет қоры сатып алынды. Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу залдары мен ыңғайлы коворкинг аймақтары бар.

Береке шағын ауданындағы мектеп 13 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады, мұнда қазірдің өзінде 800-ден астам оқушы оқып жатыр.
"Біздің мектепке келгісі келгендердің барлығы қабылданды. Өтініштер әлі де түсіп жатыр. Мұғалімдер құрамы толықты: 54 мұғалім жұмыс істейді, бірақ әлі де бірнеше бос орын бар", – дейді №31 мектеп директоры Орынкүл Баяхметова.
Мектеп ғимараты жылы әрі жайлы, барлық жабдық өз орнында.
"Үйге жақын жерден жаңа мектеп ашылғанына қуаныштымыз. Қызым 4-сыныпта оқиды, бұрын Юбилейный шағын ауданындағы мектепке баратын. Оның сыныбында 36 оқушы болған, ал мұнда бар болғаны 26 бала. Кең, таза, тамаша мектеп", – деп әсерімен бөлісті ата-ана Дамир Ахтямов.
Айта кетейік, қараша айында өңірде «Комфортная школа» ұлттық жобасы аясында екі білім беру мекемесі — Заречное ауылында және Арқалық қаласында ашылған болатын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
47
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
55
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы