Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Әлемді шарпыған «Covid-19» пандемиясы кезінде қалтқысыз қызмет еткен «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Kazenergy» қауымдастығының алғыс хатымен марапатталды. Ержүрек мұнайшылар арқасында коронавирус пандемиясы кезінде өндірістегі жұмыс үзіліссіз жалғасты. ҚБМ басшылығы ел басына күн туған қиын-қыстау кезде, алдыңғы қатардан табылған бірқатар жұмысшыға алғысын білдірді.
«Ауру айтып келмейді. Өкінішке қарай, ковид кезінде әріптестерімізден айырылып та қалдық. Індетпен күресіп, өндірісті тоқтатпау үшін еңбек еткен әр жұмысшы нағыз батыр. Қиындыққа қарамастан уақытпен санаспай жұмыс істегендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді ҚБМ Басшылығы.

Пандемия басталғаннан бері ҚБМ-да жұмысшылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін компания объектілерінде инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. ҚБМ жедел штабы әлі күнге дейін ұжымның денсаулығын жіті бақылап келеді.

«Расында пандемия елді есеңгіретіп тастады. Алайда індетті көп болып, күресу арқылы ғана жеңе аламыз. Мұнайшылардың денсаулығы жолындағы еңбегімізді елеп, алғысын арнаған ҚБМ басшылығы мен «Kazenergy» қауымдастығына көп рақмет», – деді техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Гүлмира Шынтемірова.

«Күш – бірлікте» деген ұранды ұстанған мұнайшылар, жұдырық боп жұмылу арқылы кез келген кедергіні жеңіп шығуға болатынына сенімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»