Главная Новости KPI-дің «Электрондық төлемдер» жобасы KMG Digital Showcase-те үздік жобалардың бірі атанды
04 мая 2026, 15:43 55

KPI-дің «Электрондық төлемдер» жобасы KMG Digital Showcase-те үздік жобалардың бірі атанды

KPI-дің «Электрондық төлемдер» жобасы KMG Digital Showcase-те үздік жобалардың бірі атанды

Astana Hub алаңында өткен KMG Digital Showcase стратегиялық сессиясында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына қарасты ұйымдардың IT және цифрландыру жетекшілері бас қосты. Іс-шара барысында негізгі цифрлық жобалар таныстырылып, сарапшылар тарапынан бағаланды.

 

Нәтижесінде «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің «Электрондық төлемдер» жобасы топ-5 үздік бастаманың қатарына енді. Бастама жедел нәтиже берген шешімдердің бірі ретінде бағаланып, оны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының өзге кәсіпорындарына ауқымды түрде енгізу әлеуеті жоғары екені көрсетілді.

«Электрондық төлемдер» жобасы қаржылық процестерді цифрландыруға, операциялардың ашықтығы мен жылдамдығын арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға бағытталған.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: