Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС зауытында өндірілетін полипропленнің қатары (KPI, «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны) PP H250 GP/7 және PP H253 FF/7 деп аталатын жаңа екі сортпен толықты. Осылайша Қазақстандағы тұңғыш газ-химия кешені полипропиленнің мақсатты 9 маркасын сатылымға шығарды.
РР Н250GР / 7-стандартты молекулалық-массалық таралуы бар пропилен гомополимері. Өнім жоғары сұйықтықпен, тұрақтандыру формуласының оңтайлы құрамымен және теңдестірілген физика-механикалық сипаттамаларымен сипатталады. РР Н250GР / 7-инъекциялық қалыптау әдістерімен өнімдерді өндіруге арналған өнім. Аралас композициялар алу үшін қолданылады.
PP H253FF/7 стандартты молекулалық салмақты үлестіретін пропиленді гомополимер. Өнім өтімділігінің жоғарылығымен, қоршаған орта әсеріне төзімділікті, материалдың қоршаған орта әсерлеріне төзімділігі, теңдестірілген физикалық-механикалық сипаттамаларды қамтамасыз ететін арнайы тұрақтандырғыш құрамымен сипатталады. Үздіксіз талшықтар мен көп талшықты жіптерді өндіруге арналған.
Полипропиленнің бұл маркаларының қолданыс аясы кең. Бұл сорттар ағу жылдамдығымен, қоршаған ортаның әсерінен өңіп кетуге жол бермейтін тұрақтандыру рецептурасының айрықша құрамымен, физикалық-механикалық қасиеттерінің балансымен сипатталады.
Қазақстандағы PP H253 FF/7 маркалы полипропиленнің негізгі тұтынушысы «Бал Текстиль» ЖШС компаниясы – кілем және кілем бұйымдарын шығаратын Қазақстандағы тұңғыш фабрика. Ол орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. Бүгінде кәсіпорын өз өнімдерін Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспорттайды.
24-25 сәуірде KPI техникалық қызмет көрсету тобы "Бал Текстиль" ЖШС-де PP H253 FF/7 маркасына табысты омологация жүргізіп, өндірістік желінің ең жоғары жылдамдығында жоғары сапалы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұның арқасында компания ай сайын КРІ-дан 500 тоннаға дейін полипропиленді сатып алуға және оны қайта өңдеп, кілем бұйымдарын Еуропаға экспорттауды жоспарлап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
116
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы