Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Іскерлік бағдарлама аясында маркетинг және сату жөніндегі директор Данила Могилевцев саланың негізгі үрдістері туралы баяндама жасады. Ол полимерлер нарығының жаһандық динамикасын, Қазақстандағы гомополипропилен нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар KPI-дың клиенттік базаны дамыту, полипропиленді қайта өңдеу көлемін бірлесіп ұлғайту және ел ішіндегі қайта өңдеу үлесін кеңейтуге бағытталған бағдарламалары таныстырылды.

Сессия барысында компания өкілдері қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған нақты бизнес-кейстер туралы айтып, Қазақстан ішінде полимерлерді қайта өңдеу көлемін арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Талқылауға сату және клиенттік сервис қызметінің жетекшісі Дамир Абельдинов пен операциялық маркетинг және даму жөніндегі аға менеджер Даулет Бакеев қатысты. Олар саланың даму перспективалары бойынша компанияның көзқарасын ұсынып, алдағы жылдарға арналған негізгі даму басымдықтарын атап өтті.
KPI компаниясы Қазақстандағы полипропиленнің ішкі нарығының құрылымына айтарлықтай әсер етті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның ішкі нарықтағы үлесі шамамен 70% болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 72% өсімді құрады. Аталған нәтиже KPI-дың отандық қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін полимерлік шикізаттың негізгі жеткізушісі ретіндегі позициясының нығайғанын дәлелдейді.
Сұраныстың өсуі компанияның тиімді коммерциялық саясаты, клиенттерге техникалық қолдау бағдарламалары, маркалар желісін кеңейту және жаңа сервистік шешімдерді енгізу есебінен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта KPI полипропиленнің 15 маркасын шығарады және икемді және қатты қаптама, тоқыма, бейматалар, медициналық бұйымдар, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені өнімдерін қоса алғанда, көптеген саланы шикізатпен қамтамасыз етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
194
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи