Главная Новости KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде ашты
28 сентября 2026, 16:42 27

KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде ашты

KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде ашты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС Шымкенттегі қоймасының ресми ашылу рәсімін өткізді. Логистикалық нысан еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі отандық қайта өңдеушілерді полипропиленмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді сақтауға арналған. Шымкенттегі қойма биыл ақпан айынан бері тесттік режимде жұмыс істеп тұр, осы күнге дейін өңдеуші кәсіпорындарға 3 800 тонна полипропилен жөнелтілді. Мұнда бір уақытта 1 000 тоннаға дейін өнім сақтауға болады.

— Біздің міндетіміз — клиенттерді сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қажетті көлемді уақытында жеткізу. Шымкенттегі қойманың іске қосылуы оңтүстік өңірдегі қайта өңдеушілер үшін KPI полипропиленінің қолжетімділігін арттырып, жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл клиенттерге өндірісін тұрақты жоспарлап, логистикалық шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді, — деді KPI өкілдері.

Қойманың ресми ашылу рәсімінде KPI-дың тұрақты клиенттеріне – Bal Carpet, Marvik Partners және т.б. өнім жөнелтілді.

Отандық өңдеуші кәсіпорындарға полипропилен жеткізу көлемі артып келеді, осыған байланысты KPI компаниясы да қойма инфрақұрылымын кеңейтуде. 2026 жылдың сегіз айында ішкі нарыққа полипропилен жөнелту көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,4% өсті.

KPI өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар саны 2025 жылдың басындағы 105 кәсіпорыннан 2026 жылы 180-ге жетті. KPI-дың Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы өңірлік қоймалары арқылы өнім жөнелту көлемі де үш еседен астам артты. Биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 3,68 мың тоннадан 13,55 мың тоннаға дейін өсті.

Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар KPI полипропиленін құрылыс материалдарын, медициналық бұйымдарды, агротекстиль, кілем және басқа да өнім өндіруде пайдаланады. Отандық полимер шикізатын бұрын импорттық жеткізілімдерге тәуелді болған жаңа өндірістерде де қолданылып келеді.

KPI өнім қатарында азық-түлік өнімдеріне арналған қаптама мен гигиеналық мақсаттағы тауарларды өндіруге қолданылатын полипропилен маркалары бар. Бұл шикізат түрлері дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Компания полипропиленнің жаңа маркаларын шығару арқылы өнім қатарын кеңейтуде: қазіргі уақытта 17 марка өндіріледі.

KPI іске қосылғаннан кейін Қазақстанның полипропилен бойынша ішкі нарығының құрылымы айтарлықтай өзгерді. 2022 жылдан бері полипропилен бойынша импортқа тәуелділік 63%-дан 4% дейін төмендеді, ал KPI өнімінің үлесі 2%-дан 80% дейін өсті.

Газ-химия кешені ішкі нарықтың полипропиленге деген қажеттілігін едәуір көлемде қамтамасыз етіп, полимерлерді қайта өңдеу саласындағы шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: