«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің (KPI — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңа серіктесі — полипропиленнен түтікшелер өндіретін Yans компаниясы. Оның өнімдері мейрамхана бизнесінде үлкен сұранысқа ие.
Шикізат қатаң сапа бақылауынан өтеді, ал заманауи жабдықтарда полипропилен жаңа пішінге енеді: біркелкі, берік әрі қауіпсіз түтікшелер конвейерден өтіп, HoReCa индустриясында қолдануға дайын болып шығады.
Бүгінде KPI пен Yans компаниялары күш біріктіріп, ең жоғары стандарттарға сай өнім шығаруды жоспарлап отыр. KPI еліміз ішінде өз үлесін сенімді түрде арттырып келеді. Бүгінде 130 қазақстандық компанияның 60-тан астамы КРІ-дан ай сайын полипропилен сатып алады.
Еске сала кетсек, биылғы бірінші жартыжылдықта KPI зауытында полипропилен өндіру көлемі ҚМГ үлесіне 106,8 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 62,9% артық.