Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де (KPI) болды. Ол өндірістік нысандарды аралап, кәсіпорын жұмысына қатысты жиын өткізді.
KPI биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 272 мың тонна полипропилен шығарды. Бұл 2024 жылы шамамен 249 мың тоннаны құраған көрсеткіштен асып түсті. ҚМГ басшысына есепті кезеңде ішкі нарыққа KPI полипропиленін сату көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 90% артқаны туралы ақпарат берілді.
Отандық қайта өңдеушілерге сатылған полипропилен көлемі 29 мың тоннаға жетіп, жоспарлы көрсеткіштерден артып отыр.

Өнімнің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ететін Алматы мен Астанада қосымша қоймалардың ашылуының арқасында отандық нарықта полипропиленнің импорттық үлесі азайып келеді. Бұл өз кезегінде полимерді терең өңдеу саласындағы шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады.
Кәсіпорын ішкі нарықтағы үлесін кеңейтуді жалғастыруда. 2022 жылы KPI 15 қазақстандық компаниямен ынтымақтастық орнатса, бүгінде олардың саны 135-тен асады.

Сонымен қатар KPI өнім түрлерін де көбейтті. Қазірдің өзінде игерілген 15 марканың 13-ін отандық өндірушілер түрлі өнім шығару үшін — қаптама мен тоқыма емес материалдардан бастап инженерлік бөлшектерге дейін белсене қолданады. Тағы екі марка омологация кезеңінен өтіп жатыр, яғни түпкілікті тұтынушылар оның сәйкестігін растауда. Жыл басынан бері төрт жаңа марканы игеру — өнім портфелін кеңейту және зауыттың технологиялық мүмкіндіктерін барынша пайдалану жөніндегі жоспарлы стратегияның бір бөлігі.
А.Хасенов KPI басшылығына өндіріс сенімділігі мен операциялық тиімділікті арттыруға, ішкі нарықтағы коммерциялық позицияларды одан әрі нығайтуға және жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу үшін қызметкерлердің біліктілігін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы