Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ҚазМұнайГаз жүйесінде жұмыс істеп жүрген мамандардың еңбек жолы, тәжірибесі туралы ақпарат береміз.
Ислам Болат – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) дайын өнімді өлшеп орау және сақтау өндірісінің аға инженері. КРІ кәсіпорны мұнай-химиясы саласындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі. Компания заманауи технологияларды енгізіп, өнім сапасын халықаралық талаптарға сай қамтамасыз етуге басымдық береді. Мұнда әр қызметкердің жауапкершілігі мен кәсібилігі өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Зауыттағы маңызды саланың бірінде еңбек ететін Ислам Болат күн сайын өндірістік процестердің үздіксіз жүруін қадағалайды.

Ол 2020 жылы KPI компаниясының құрылыс саласына жұмысқа келіп, 2022 жылы дайын өнім өндірісіне ауысып, қызметін 3-разрядты оператор ретінде бастаған. Бір жылдан кейін 4-разрядты оператор болған. Кәсіби білімін тұрақты жетілдіріп, жаңа технологиялар мен өндірістік шешімдерді меңгеруге ерекше көңіл бөлудің нәтижесінде аға инженер қызметіне көтерілген.
Оның негізгі міндеті – дайын өнімді өлшеп орау процесін бақылау, сақтау талаптарын қадағалау және өндірістегі барлық жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін тексеріп, технологиялық процестердің талапқа сай жүзеге асуына жауап береді.

– Мұнда әр деталь маңызды. Өнім сапалы әрі талапқа сай болуы үшін барлық әрекетті мұқият бақылау қажет. Еңбектің нәтижесін көрген сайын мамандығыма деген қызығушылығым артып, өз ісіме деген жауапкершілігім күшейе түседі, – дейді Ислам Болат.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
150
26 мая 19:30
Машзавод отмечает 30-летний юбилей