Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциядағы жобасы қоғам өкілдерінің кең ауқымды қатысуымен және кәсіби сараптама негізінде әзірленді. Оны дайындау барысында азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық және кәсіби ұйымдардың, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары ескерілді. Мұндай жұмыс форматы қоғаммен ашық диалогты қамтамасыз етіп, негізгі заң мәтінінде азаматтардың негізгі сұраныстары мен үміт-тілектерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Конституцияның басым бөлігі жаңартылып, қоғамдағы заманауи басым бағыттарға негізделді. Тұрақты даму мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторлары ретінде адам капиталын дамытуға, білім беру, ғылым мен мәдениетке ерекше мән берілген.
Өзгерістердің ерекше тұсы: қайта қарауға жатпайтын негізгі қағидалардың тізімі айқындалды. Олардың қатарына мемлекеттің тәуелсіздігі, біртекті сипаты мен аумақтық тұтастығы, басқару формасы және Республика қызметінің негізгі қағидаттары жатады.
«Самұрық-Қазына» — экономикалық даму драйвері
«Самұрық-Қазына» қоры ел экономикасының негізгі драйверінің бірі ретінде инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобаларды іске асырып келеді (қазіргі таңда портфельде жалпы құны 53 трлн теңге болатын 130-дан астам жоба бар). Басқарудағы активтері $88 млрд болатын «Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі дербес қорлар арасында 21-орында.
Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі — адам капиталын дамыту. Қызметкерлер жүйелі түрде оқудан өтіп, біліктіліктерін арттырып отырады, заманауи білім беру бағдарламалары енгізіліп, үздіксіз кәсіби өсу мәдениеті қалыптастырылуда.
Тұрақты даму жоспары аясында «Самұрық-Қазына» экологиялық бастамаларды да жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, соңғы екі жылда ел бойынша 5,8 млн түп ағаш отырғызылды. Осылайша қор экологиялық жағдайды жақсартуға және өскелең ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
Толық мәтінді сілтеме арқылы оқуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1152063?lang=kk
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
30 января 14:32
Кружок «Юный железнодорожник» готовит будущие кадры для отрасли
102
30 января 13:21
План ремонтов на 2026 год: в Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину