Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Түркістан БГҚ» ЖШС құрылыс алаңына барып, қуаты 1000 МВт бу мен газ қондырғысы базасындағы электр станциясы жобасының іске асырылу барысымен танысты. «Түркістан БГҚ» ЖШС - «Самұрық-Қазына» АҚ қорының еншілес компаниясы. Серіктестік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында. Жұмыс сапары барысында Премьер-министрге құрылыс-монтаж жұмыстарының мәртебесі, негізгі технологиялық жабдықтың жеткізілуі және сыртқы инфрақұрылымның дамуы туралы баяндалды.
Қазақстанның оңтүстігі үшін бұл жобаның сенімді электрмен жабдықтау тұрғысынан маңызы ерекше. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының орташа тұтыну көлемі шамамен 1000 МВт-ты құрайды, ал қуат тапшылығы шамамен 800 МВт деңгейінде. Болашақ станция дәл осы көлемді жабуға тиіс.
«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында жаңа генерациялайтын қуаттарды іске қосу заманауи энергияны көп қажет ететін экономиканы дамытудың қажетті шарты екенін атап өтті. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және берік энергетикалық базаны қалыптастыру - Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. “Түркістан БГҚ” жобасын іске асыру қосымша қуат резервін қалыптастыруға және бүкіл оңтүстік өңірдің энергожүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Станция әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды элементіне айналып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға негіз болады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Электр станциясын және сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы жобасы бес бағытты қамтиды: негізгі алаң, сыртқы электрмен жабдықтау, сыртқы газбен жабдықтау, кірме автожол және сыртқы сумен жабдықтау. Жұмыстар барлық бағыт бойынша жүргізілуде. Негізгі алаң бойынша бас мердігер - Doosan Enerbility және қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС құрамындағы консорциум. Негізгі алаң 60 гектар аумақты алып жатыр. Сыртқы инфрақұрылым құрамына ұзындығы 111 шақырымнан асатын электр беру желілері, ұзындығы 3,4 шақырым болатын талшықты-оптикалық байланыс желісі, ұзындығы 13,6 шақырым газ құбыры және жеті ұңғыманы қамтитын сыртқы сумен жабдықтау жүйесі кіреді.

Құрылыс белсенді кезеңде. Барлық төрт газ турбинасы генераторларымен бірге іргетасқа орнатылып қойған, сондай-ақ екі бу турбинасы мен төрт қалдық жылу қазандығының жиынтығы жеткізілді. Сыртқы газбен жабдықтау жұмыстарының дайындығы 94,1 пайызды құрайды, талшықты-оптикалық байланыс желісі толық аяқталған. Алаңда шамамен 1054 адам және 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Біздің негізгі міндетіміз - ҚМЖ уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету, жабдықты қатар және синхронды түрде монтаждау, сондай-ақ жол берілген кешеуілдеулердің орнын толтырып, оларды жою, бір кезең екіншісін тежемейтіндей жұмыс істеу. Негізгі жабдықтың алаңда болуы құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын сақтауға және кестенің негізгі кезеңдері бойынша дәйекті түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов.

Сапар барысында станцияда жаңа буын газ турбиналары қолданылып жатқаны атап өтілді, бұл табиғи газды ұтымды пайдалануды және дәстүрлі көмір генерациясымен салыстырғанда шығарындыларды азайтуды қамтамасыз етеді. Болашақ станцияның басты ерекшелігі - маневрлілігі: «Түркістан БГҚ» күн және жел электр станциялары өндірісінің ауытқуларын өтей отырып, жүктемені жылдам арттырып та, азайтып та отыра алады және оңтүстік өңір энергожүйесінің тұрақтылығын қолдайды.
Станция әлемдік деңгейдегі жабдықпен жасақталуда: Siemens Energy компаниясының газ турбиналары, Doosan Škoda Power компаниясының бу турбиналары және Nooter Eriksen компаниясының қалдық жылу қазандықтары. Экологиялық көрсеткіштері бойынша бу мен газ қондырғысының меншікті CO₂ шығарындылары қуаты ұқсас көмір генерациясымен салыстырғанда шамамен 2,5 есе төмен.
Жобаның өңір үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық әсері де бар. Құрылыстың шарықтау кезеңінде жоба 2200 адамға дейін жұмыспен қамтиды, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін нысанда шамамен 600 жұмыс орны ашылады.
Сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне жобаның уақтылы іске асырылуын, белгіленген мерзімдердің сақталуын, экологиялық талаптардың орындалуын және желілік инфрақұрылыммен үйлестіруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ нысанды мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
221
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт