Главная Новости ҚТЖ 200-ден астам жолаушыны тасымалдау үшін бір реттік электр пойызын іске қосты
26 маусым 2024, 15:47 367

ҚТЖ 200-ден астам жолаушыны тасымалдау үшін бір реттік электр пойызын іске қосты

ҚТЖ 200-ден астам жолаушыны тасымалдау үшін бір реттік электр пойызын іске қосты

Ұлттық тасымалдаушы кешігіп жатқан №45 «Түркістан-Павлодар» пойызынан 213 жолаушыны тасымалдау мақсатында бір реттік «Астана-Павлодар» бағытындағы №6836 электропойызын тағайындады. Пойыз 26 маусымда сағат 21:40-та Астанадан шығып, 27 маусымда Павлодарға келеді (№46 «Түркістан-Павлодар» пойызының кестесі бойынша қатынайды).

Отырғызу жолаушылар сатып алынған билеттерге сәйкес жүреді және жол ақысы айырмашылығы төленеді.

Айта кетейік, Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.

Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: