Главная Новости ҚТЖ 2023 жылғы тартымды жұмыс берушілердің үштік рейтингіне кірді
02 қараша 2023, 08:30 1107

ҚТЖ 2023 жылғы тартымды жұмыс берушілердің үштік рейтингіне кірді

ҚТЖ 2023 жылғы тартымды жұмыс берушілердің үштік рейтингіне кірді

Экономиканың маңызды секторларындағы қызметкерлер саны бойынша 80-нен астам қазақстандық ірі компаниялардың ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2023 жылғы тартымды жұмыс берушілердің салалық рейтингінде 3-ші орында тұр. Алдыңғы жылдары компания 6-орында болды.

Мәселен, биылғы 31 қазанда Аncor стаффингтік компаниясы өткізетін «Тhe Talentist» жұмыс беруші брендінің тартымдылығын жыл сайынғы зерттеу қорытындысы шығарылды, ол кәсіби рекрутинг бойынша әлемдегі топ-50 компаниялардың тізіміне кіреді.

Бұл зерттеу жұмыс беруші ретінде белгілі бір қазақстандық компанияның тартымдылығын айқындау және жұмыс пен жұмыспен қамтуға қатысты адамдардың қалауы тұрғысынан қазақстандық еңбек нарығының трендтерін айқындау мақсатында жүргізіледі, компанияны жұмыс үшін таңдаудың негізгі критерийлері.

Айта кетейік, бүгінде республика халқының шамамен бір пайызы теміржол магистралінде еңбек етеді. Еліміздің ең ірі және сенімді жұмыс берушісі 110 мыңнан астам адамға жұмыс беріп келеді.

ҚТЖ-да жұмыскерлердің әл-ауқаты мен табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Соңғы үш жылда компания еңбек жағдайларын жақсартуға және қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға көп күш жұмсады.

Компания әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді: медициналық сақтандыру, жәрдемақылар мен материалдық көмек төлеу және тағы басқалар. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: