Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылы 13,5 миллионнан астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды. Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар: Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей бағыттары болды, олардағы билеттерге деген сұраныс жоғары.
ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, демалыс) және мереке күндері орын алады. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн астам жолаушыны тасымалдады.
Сондай-ақ, жолаушылардың сұранысына ие қызметтердің бірі – «Күту парағы». Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында пайдалануға болады. «Күту парағы» көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұруға болады. 2023 жылы бұл қызмет 485 мың жолаушыға ұсынылды, оның ішінде 168 мың билет сатып алынды.
Жолаушылар вагондары паркін жаңарту және жолаушылардың ыңғайлы жүруі мақсатында жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар вагондарының паркі шамамен 2151 бірлікті құрайды, оның ішінде стандартты вагондар 1311, Тальго вагондары 732, электр-дизель пойыздарының вагондары 108. Парктің орташа тозуы 44% құрайды.
Парктің жаңарту жұмыстары жалғасуда, 2022 жылы Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагондарын сатып алуға шарт жасалды, оларды 2025-2030 жылдар аралығында жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, өткен жылы ЗИКСТО зауытының 150 жолаушылар вагонын сатып алуға шарттар жасалды. 2023 жылы зауыт 94 жаңа жолаушылар вагонын жеткізді. Олар «Маңғыстау-Атырау», «Ақтөбе-Атырау» және «Павлодар-Түркістан» бағыттары бойынша жеткізіліп, сәтті жүруде.
174
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
341
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
199
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету