Главная Новости ҚТЖ әйелдер вагондарын тағы 3 бағыт бойынша іске қосады
27 мамыр 2024, 11:28 779

ҚТЖ әйелдер вагондарын тағы 3 бағыт бойынша іске қосады

ҚТЖ әйелдер вагондарын тағы 3 бағыт бойынша іске қосады

Ұлттық тасымалдаушы «Әйелдер вагоны» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған 600-ден астам респондент қатысты.  

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша әйелдер вагондарын тағы үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданды: 

  • №354/353 «Астана-Семей»;
  • №24/23 «Ақтөбе-Алматы»;
  • №25/26 «Алматы-Шымкент». 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар бар пойыздар 8 маршрут бойынша қатынайды:

  • №77/78 «Алматы-Маңғыстау»;
  • №351/352 «Алматы - Өскемен»;
  • №45/46 «Павлодар-Түркістан»;
  • №37/38 «Маңғыстау-Семей»;
  • №47/48 «Атырау-Астана»;
  • №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»;
  • №4/3 «Астана-Алматы-2»;
  • №71/72 «Астана-Шымкент».

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 70 мыңнан астам жолаушы «әйелдерге арналған вагондар» қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өскен. Әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат етілген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: