Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтөбе магистральдық желісі аумағында теміржол бойын қардан тазалау жұмыстарына 56 техника жұмылдырылды. Аймақта штаб құрылып, таулы жерлердегі қауіпті учаскелерге кезекшілік қойылды.
Штаб қысқы жағдайда пойыздардың қауіпсіздігін және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын бақылап, ауа райының күрт құбылуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеуде.
– Қарлы боран жиі соғатын аумақтарда техникалар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жалпы, бөлімшеде қар тазалау жұмыстарына 56 техника жұмылдырылған. Оның ішінде 16 қар тазалайтын және 37 қар жинайтын техника, 3 ротор бар. Қазіргі уақытта қауіпті деген Әйтеке би – Никельтау, Никельтау – Қандыағаш және Жем-Шалқар жолының таулы учаскелері тұрақты бақылауда. Бағыттамалы бұрмаларды қардан тазалау жұмыстары да тиімді ұйымдастырылған, – дейді магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.
Сонымен қатар көптеген учаскелерде қар ұстау үшін қардан қорғайтын қалқандар да әжептеуір сеп болып тұр. Қар тазалау жұмыстары кезінде теміржолшыларға ашық ауада төмен температурада жұмыс істеу үшін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныс құралдары таратылған.
– Биыл қалың қар жауған жоқ. Бірақ ұйытқыған боран мен аяз қатты болып тұр. Темір жол бойына кезекшілік қойылып, жолдар үздіксіз тазартылуда. Техниканың барлығы жарамды. Станцияларда қар тазарту және жинау технологиясы қатаң сақталуда, – деді Ақтөбе магистральдық желі жол бөлімшесінің жетекші инженері Гариб Азыров.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы