Главная Новости ҚТЖ Алматы – Петропавл бағытындағы пойыздың тоқтау себебін баяндады
21 қыркүйек 2022, 09:08 983

ҚТЖ Алматы – Петропавл бағытындағы пойыздың тоқтау себебін баяндады

ҚТЖ Алматы – Петропавл бағытындағы пойыздың тоқтау себебін баяндады

2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де «Алматы Петропавл» қатынасындағы № 105 жолаушылар пойызы «Қарағанды Астана» учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Себеп: техникалық вагонның ақаулығы.

Пойыздағы жолаушылар саны – 184. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес жолаушылардың межелі орындарына дейін жетіп алуы үшін тоқтатылған құрамдағы жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысуда.

Осы пойыз жолаушылары №105 (184 жолаушы) Мырза Шоқай аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4 Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол (Тальго) пойызына отырғызылады. Бурабай, Көкшетау және Петропавл Курорт станцияларына баратындарға Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін стандартты вагондардан (4 купе вагоны) жеке құрам ұйымдастырылды. 26.09.22 ж. дейін №105/106 Алматы-2 – Петропавл пойызы 2 рейске тоқтатылды.

Тексеру жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: