Главная Новости ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда
23 шілде 2024, 15:40 563

ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда

ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда

ҚТЖ-да теміржолды алдағы егін науқанына дайындау аясында мемлекеттік органдармен және тасымалдау процесіне қатысушылармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізілуде.  

Биылғы астық тасымалдауды ұйымдастыру үшін ҚТЖ өңірлердегі және орталық деңгейдегі астық штабтарының жұмысын күшейтеді. Сондай-ақ Қостанай-Галаба, Көкшетау-Галаба, Қостанай-Ташкент торабы тікелей құрама пойыздарын қалыптастыру үшін кестелер тізбегі әзірленетін болады.  

Қазақстандық дәнді дақылдарды өткізудің дәстүрлі нарықтары Орта Азия, Ауғанстан және Иран елдері болып табылатынына қарамастан соңғы жылдары қытайлық жүк алушылардың қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдеріне сұранысы артып келеді.  

2023-2024 жылғы маусымда Қытай халық республикасына (ҚХР) астық экспорты алдыңғы маусыммен салыстырғанда 21%, ұнтақ өнімдері 24% өсті. ҚТЖ бірінші жартыжылдықта 757 мың тонна астық жөнелткен.  

16 шілдеде вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров қазақстандық темір жолдар жөнелтушілер арасында пойыздарды біркелкі бөлу жағдайында биыл Қытайға экспортқа 2 млн тоннадан астам астық жіберуге дайын екенін атап өтті.  

ҚР мен ҚХР темір жолдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде «бір жөнелтуші – бір алушы» қағидаты бойынша Алашаңқай станциясының бондтық аймағында түсіруді қамтамасыз ету үшін маршруттық жөнелтілімдерді ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы станция бағытында ағымдағы жылдың маусым айында астық тасымалдаушылар астық тиелген жабық вагондарды қабылдауды бастады.

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: