Главная Новости ҚТЖ аутстаффинг пилоттық жобасын енгізуде
19 октября 2022, 10:58 949 Нигматулин Рэмир

ҚТЖ аутстаффинг пилоттық жобасын енгізуде

ҚТЖ аутстаффинг пилоттық жобасын енгізуде

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2022 жылдың 1 тамызынан бастап аутстаффингті қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кірісті. Аутстаффинг дегеніміз не және оны пайдалану қажеттілігі неден туындап отыр? Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле ИСТЛЕЕВА бізге берген сұхбатында баяндап берді.

ҚТЖ-да қызметтің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар жобалар іске асырылып жатқаны белгілі.Трансформациялау командасы жұмыс істеп жатқан жобалардың бір бөлігі,  бейінді емес қызмет түрлерін бәсекелес ортаға шығаруға бағытталған. Атқарылып жатқан іс-шаралардың мақсаты – компания менеджментін негізгі қызметпен байланысты емес мәселелерден босата отырып, негізгі өндірістік міндеттерді шешуге күш-жігерді шоғырландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Әрине, өзгерістер жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасқа да қозғау салары анық. Осылайша, бейінді емес функцияларды бәсекелес ортаға шығару кезінде, персонал қызметтің белгілі бір түрлерін орындауға маманданған мердігер ұйымға ауысқан кезде, мысалы, үй-жайларды күзету немесе жинау кезінде жұмыскерлерде жаңа жұмыс беруші пайда болады және бұл қызмет ҚТЖ үшін аутсорсингтік болып табылады.

Ал жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (азаматтық-құқықтық сипаттағы),  тұрақты сипаттағы емес және мамандандырылған ұйымды тартуды талап етпейтін белгілі бір жұмыс көлемін орындау қажет болған жағдайларда жасалады. Осы екі еңбек нұсқасы біздің елімізде кеңінен таралған және ол ҚТЖ-да да қолданылып келеді.  Биыл біз 1 тамыздан бастап тағы бір жаңа механизм-аутстаффингті қолдандық.

 – Сәуле Машурқызы, аутстаффинг қызметінің мағынасы нені білдіреді, сондай-ақ, оның аутсорсинг пен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардан айырмашылығы қандай?

– Шетелде аутстаффинг құбылысы (ағылш. Outstaffing - қызметкерлерді штатқа шығару) бұрыннан танымал. Батыстағы көптеген компаниялар, олардың қатарында ірі компаниялар да бар, қызметкерлермен өзара әрекеттесудің осы схемасымен жұмыс істейді. Аутстаффингтің мағынасы  қарапайым: компания (әдетте ірі компаниялар) негізгі бизнеске назар аударғысы келеді және негізгі өндірістік персоналмен байланысты емес әртүрлі мәселелерге алаңдамай, оған қызметкерлер құрамын ұсынатын делдал ұйыммен келісім жасайды. Соңғысы заңды түрде олардың жұмыс берушісі болып табылады және қарамағына  персоналдарды таңдау, жалақы беру және тіркеумен байланысты барлық мәселелерді шешеді. Ол сондай-ақ, барлық бухгалтерлік және кадрлық барлық құжаттаманы жүргізеді.

Бұл ретте қызметкерлер тапсырыс берушіде, яғни, біздің жағдайды алып қарайтын болсақ, ҚТЖ-да толыққанды жұмыс істейді, бірақ провайдер-компанияның (кадр агенттігінің) штатында есепте тұрады, ол өз кезегінде жалақы төлеу, салық төлеу, еңбек заңнамасын орындау (жұмысқа қабылдау, сырқаттанып қалуына байланысты еңбекке жарамсыздық, жұмыстан босату және т.б.) функцияларын өзіне алады. Персонал ҚТЖ менеджментінің тікелей басқаруында болады, бұл қызметтің аутсорсингтен басты айырмашылықтарының бірі.

Бейінді емес қызметті әкімшілендіруді алып тастаудың негізгі тиімді тетігі әлі де аутсорсинг болып табылады. Бірақ ол белгілі бір қызмет көрсету  үшін емес, процестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мамандарды тарту қажет болған кезде қолданылмайды. Мысалы, біздің жағдайда кеңсе жұмысы сияқты көмекші процеске қатысатын қызметкерлер – хатшылар-референттер.

Соңғы уақытқа дейін мұндай мамандарды тарту мәселесі азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасу арқылы шешілді. Бірақ бұл жағдайда, жұмысқа тартылған маман үшін бірқатар кемшіліктер бар. Соның ең бастысы ретінде, еңбек шартының болмауын атар едік, соның салдарынан олардың мүдделері мен құқықтарын еңбек заңнамасымен (еңбекке жарамсыздық парағы, демалыс және т.б.) қорғау мүмкіндігі жоқ.

Компания үшін де мұндай тәсілдің кемшіліктері айқын, оны әрбір шақырған маманды жеке-жеке әкімшілендіру қажеттілігінен байқауға болады, мәселен,  (орындалған қызметтердің ай сайынғы актісімен бірге азаматтық-құқықтық сипаттағы бірнеше жеке шарттар), бұл ретте қызметкерді ынталандыру мен әлеуметтік қолдаудың тиімді тетігін қолдану мүмкіндігі жоқ.

– Аутстаффингті енгізу бұл кемшіліктерді жоюға қалай көмектеседі?

– Аутстаффинг кезінде қызметкерлердің әлеуметтік шиеленістер мен еңбек дауларының қаупін болдырмайтын бірқатар артықшылықтары бар. Олар ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес провайдер-компаниямен (кадр агенттігімен) ресімделеді. Кадрлық агенттіктер оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған кепілдіктерді (еңбек демалысы, сырқаттанушылық, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, жалақыға қосымша ақылар мен үстемеақылар және т.б.) қамтамасыз етеді.

Компания әлеуметтік шиеленісті жеңілдетумен қатар, қосалқы процесті басқару қажеттілігімен байланысты басқару жүктемесін азайтуға және менеджменттің күш-жігерін стратегиялық өндірістік міндеттерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік алады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы бірнеше жеке шарттардың орнына біз провайдермен ғана бір келісімшарт жасаймыз.

– Пилоттық жобаның периметріне қандай жұмысшылар кірді және компаниялар тобында аутстаффингті одан әрі қолдану жоспарлары қандай?

– 1 тамыздан бастап Орталық аппаратта және «Әкімшілік басқару» филиалында іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін хатшылар-референттер персоналын ұсыну бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалды. Қызметкерлер осы тәсілдің артықшылығын Көлік қызметкерлері күніне арналған сыйақы түрінде сезіне алды. Әрине, біз бұл тәжірибені компаниялар тобында кеңінен таратуға ниеттіміз. Сондай-ақ, аутстаффинг шарты бойынша жұмысқа тартылатын кәсіптер тізбесін кеңейтуді қалаймыз. Мысалы, келесі жылдан бастап персоналдарды іздеу және іріктеу процесін қамтамасыз ететін қызметкерлер-рекрутерлерді тарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта компания филиалдарының азаматтық-құқықтық келісімшарттарында аутстаффингке көшу мүмкіндіктерін іздеу бойынша мониторинг жүргізілуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ HR-командасы барлық шешілетін міндеттер бойынша икемді саясатты ұстанады. Және де операциялық тиімділікті арттыру және негізгі бизнес-көрсеткіштерге қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында компанияның бизнес-қажеттіліктері мен үздік тәжірибелерін ескере отырып, HR-бастамаларын қалыптастыруға бағытталған.

Любовь РОВБА

Сұлугүл БАКЕСОВА

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: