Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Баку қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Пленарлық отырыста саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалып, теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыру, цифрландыру, мемлекетаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды жақсарту бойынша бірлескен іс-қимылдар талқыланды.
ҚТЖ-ның Кеңеске қатысуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы, транзиттік әлеуетті дамытудағы және ТМД кеңістігінде интеграциялық шешімдерді ілгерілетудегі белсенді ұстанымын растайды. Тараптар өңірдің теміржол саласын тұрақты дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Отырыс шеңберінде Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ТМД және Еуропа мемлекеттері теміржол әкімшіліктерінің негізгі әріптестерімен және өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.
Атап айтқанда, ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Наби оглу Набиевпен кездесті, оның шеңберінде ТХКБ бағыты бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту мәселелері, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мәртебесін арттыру туралы үкіметаралық келісімнің егжей-тегжейлері талқыланды.
Сондай-ақ, Әзірбайжаннан Каспий теңізінде жүктерді тасымалдау үшін кемелер сатып алу, қазақстандық зауытта ӘТЖ қажеттіліктері үшін локомотивтер өндіру мәселелері талқыланды. «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Р.М. Рустамовпен келіссөздер жүргізілді, онда тараптар ТХКБ-ны дамыту және мультимодальды тасымалдау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Беларусь темір жолының бастығы В. Е. Вереничпен жемісті диалогқа құрылған кездесулер өтті. Өткізу қабілетін арттыру, қозғалыс кестелерін синхрондау және шекарадағы рәсімдерді жеңілдету мәселелері талқыланды. «Эстон темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы – Бас директоры К.Циммерманмен кездесуге ерекше назар аударылды, онда тараптар солтүстік бағыттағы мультимодальды маршруттар шеңберінде өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете