Главная Новости ҚТЖ басшысы теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады
07 тамыз 2023, 08:13 1143

ҚТЖ басшысы теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

ҚТЖ басшысы теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Көлік қызметкерлері күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті әріптестер!

Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз арқасында бүгінде Компания небір сынақтарды еңсере отырып, мемлекет тарапынан алға қойылған стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыруда. Осылайша темір жол көлігі тасымал нарығында өзінің бәсекеге қабілетті әрі кез келген түйткілді проблемаларды шеше алатын экономика нақты секторының стратегиялық маңызды тірегі екенін дәлелдеп отыр.  

Бүгінде компания тарапынан экспорт пен транзитті ұлғайту үшін тасымалдардың тиімділігі мен қауіпсіздігін, көлік қызметтері сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Әсіресе инфрақұрылымды жаңғыртуға, жылжымалы құрам паркін жаңартуға ерекше назар аударылады.  

Құрметті әріптестер! Өз істеріңізге деген адалдық, жауапкершілік және корпоративтік рух үшін шынайы ризашылығымды қабыл алыңыздар. Сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.  

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер және бар жақсылықты тілеймін!  

Құрметпен, Нұрлан САУРАНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: