Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Семей ЖТ бөлімшесінің Белағаш станциясында Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойына орай салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен шағын футболдан біріншілік болып өтті. Сайысқа Семей-Локоть телімінде еңбек ететін теміржолшылар қатысты.
Жалпы биылғы жылғы шағын футбол ойындары Шаған станциясында басталып, шалғайдағы Белағаш станциясында қорытындыланды. Бұл жолғы сайысқа барлығы үш команда, атап айтсақ жол саласының ардагерлері, ПЧ-39 жолшылары және Белағаш станциясының теміржолшылары қатысып, өзара шеберлік сынасты.
Жарыс алдында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөйлеп, сәттілік тіледі.

Бұл күні ауа райы да қолайлы болды. Ойын барысы өте қызықты әрі тартысты өтті. Ардагер жолшылар жас футболшылармен бірдей ойнап, жоғарғы деңгейдегі ойын көрсетті. Шиеленісті сәттер де көп болды. Әйтсе де, түрлі сайыстарда топ жарып жүрген жолшылар қауымы әдіс-тәсілдерінің мол екенін дәлелдеді.
Осылайша, ақтық нәтиже бойынша 1-орынды ПЧ-39 командасы, 2-орынды Белағаш станциясының теміржолшылары, ал жүлделі 3-орынды «ҚТЖ ардагерлері» командасы иеленді. Ойынға қатысқандардың барлығы арнайы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қуаныш Қожаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
75
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
83
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы