Главная Новости ҚТЖ «Білім экспресі» – Атырауда
11 қазан 2024, 17:48 78

ҚТЖ «Білім экспресі» – Атырауда

ҚТЖ «Білім экспресі» – Атырауда

«Білім экспресі» жылжымалы даму мектебінің жұмысы аясында ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары Атырау аймағы теміржолшылары үшін жеке-іскерлік қасиеттерді дамыту бойынша бірқатар тренингтер өткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан ұсынылған жаңа жобаның тренингтері әрбір теміржолшы табысты жұмыс істеуі үшін қажетті көшбасшылық дағдыларды, эмоционалды интеллектті және басқа да маңызды қасиеттерді дамытуға бағытталған. Яғни адам қазіргі заманауи талаптарға сай әрекет етіп, оны өмір жолында пайдалана білгені абзал. Екінші жағынан ол өндірістің дамуы мен темір жолда қызмет көрсету сапасының артуына да ықпал етеді. «Эмоционалды интеллект», «Тиімді коммуникациялар», «Қақтығысты басқару», «Стреске төзімділік» тақырыптарында өткен тренингтерде рөлдік ойындар, топтық талқылаулар және өзінөзі көрсету жаттығулары сияқты интерактивті оқыту әдістері қолданылды. Қатысушылар өздерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауға, сондай-ақ одан әрі жетілдіру үшін даму жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік алды. 7-8 қазанда өткен екі күндік оқуға инженерлер, жолсерік, вагоншы, жолшылар, т.б түрлі мамандықтар бойынша 75 адам қатысты.  

– Ұлттық компанияның «Білім экспресі» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында біз барлық өңірлерді аралап, биыл екінші жыл теміржолшы мамандарға оқыту іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – сала қызметкерлерін негізгі нақты біліміне қоса осындай «жеңіл» білімдермен сусындату, яғни адами қарым-қатынасты жақсарту, күйзеліске төтеп беру, оқыс жағдайларда шұғыл әрекет ету сияқты басқа да аса қажетті машық-дағдыларды үйрету. Себебі күнделікті өмірде, жұмыста болсын біздің әрбір сөзіміз бен әрекетімізден өзара қарым-қатынасымыз құралады. Соның бәрі өмір сапасына, еңбек тиімділігіне әсер етеді. Қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда көп кемшілік адами фактордан болып жатады. Сол себепті тез әрі дұрыс шешім қабылдау, эмоционалды шыдамды болу, күйзеліске түспеу өте маңызды. Сондықтан тақырыптар осы бағытта шоғырланған, – дейді Компанияның Адами ресурстарды басқару жөніндегі НR бизнес серіктесі Алма Сәулебаева.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткеніндей, компания өзінің желілік қызметкерлерінің жеке және іскерлік қасиеттерін дамытуға инвестиция сала отырып, болашақ табысқа берік негіз жасайды. Қызметкерлерді қажетті дағдылар мен біліммен қаруландыру арқылы компания өнімді, инновациялық және клиентке бағдарланған жұмыс күшін құра алады. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.  

Қосұйым Мұқашев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: