Главная Новости ҚТЖ бірнеше бағытта цифрлық трансформация жасайды
08 сәуір 2022, 11:00 1899

ҚТЖ бірнеше бағытта цифрлық трансформация жасайды

ҚТЖ бірнеше бағытта цифрлық трансформация жасайды

Қазақстан темір жолының «Цифрлық трансформация» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Бұл туралы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының директоры Серік Қандықбаев айтып берді.

Бірінші бағыт – Қорды басқару жобасы. 2019 жылы қолға алынған жоба арқылы жұмыстың екі дербес бағыты бойынша бизнеске дайын шешімдер жасау көзделді.

Екінші жоба – деректерді басқарудың жаңа үлгісін енгізу. Жоба міндеттеріне мәліметтерді басқару кеңсесі мен CDO рөлін құру, архитектуралық деректер жасау, ETL құралдарын, деректерді талдау бойынша технологияларды енгізу жатады.

Үшіншісі – Достық және Алтынкөл шекаралық станцияларында импорттық-транзиттік жүк ағынын басқару және реттеу жобасы.

Мақсат – «Қазтеміртранс» АҚ базасында Бірыңғай дистрибьютор құру, сол арқылы тасымалға жекелеген вагон парктерін тарту, станцияда құрамдарды өңдеу кезінде маневрлік локомотивтерді тиімді пайдалану, Қытай мен Қазақстанның шекаралық станциялары аралығында пойыздар үшін тиімді ақпараттық хабарландыру жүйесін жасау, транзит ағыны үшін АСУ ДКР арқылы оператордан тариф алу процесін автоматтандыру.

Төртінші бағыт – жоспарлаудың біріктірілген жүйесі. Бұл жоба арқылы жылдық және орташа мерзімді жоспарлау процесін автоматтандыруды енгізу көзделеді.

Сонымен қатар былтырғы жылы ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу, пойыздар қозғалысын басқару орталығын құру, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа ұйымдастырушылық үлгісі және компанияны басқару жүйесі, қоғамның операциялық тиімділігін арттыру, жолаушылар тасымалы саласындағы сату және маркетинг, «Кедентранссервис» АҚ терминалдары қызметінің тиімділігін арттыру, локомотивтерді «бір адаммен» басқару жобасы, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС коммерциялық функцияларын автоматтандыру және орталықтандыру, маневрлік жұмыстар тиімділігін арттыру, локомотив тартымы тиімділігін күшейту жобалары сәтімен жүзеге асырылған.

Райхан Рахметова

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: