Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылдың басынан бастап 582 маршруттық астық пойызы құрылып, жөнелтілді. Оның ішінде 551 экспресс-пойыз ҚХР, Түрікменстан, Иран, Ресей, Өзбекстанға астық жүктерін жеткізді.
Еліміз бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды. Мұндай деректерді Бесінші AGRICOM халықаралық конференциясы алаңында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалының директоры Вадим Копылов мәлімдеді.
Тікелей маршруттық пойыздармен тасымалдау жүктерді жеткізу мерзімін, вагондардың айналымын қысқартады және жылжымалы құрам тапшылығын болдырмайды.
Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша астықты темір жол көлігімен тасымалдау 5,4 млн тоннаны құрады, экспортқа 4,2 млн тонна, ҚР бойынша - 1,2 млн тонна жөнелтілді (2023 жылғы деңгейге+4%).
ҚТЖ желісі бойынша 2,3 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды, бұл өткен кезеңнің көрсеткішінен 17,4% артық. Экспортқа - 1,8 млн тонна (+20%), ҚР бойынша – 500 мың тонна (+9%).
2024 жылдың қыркүйегінде Ақтау порты арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үш есеге, 90 мың тоннаға дейін өсті. Қазан айында 212 мың тонна тасымалдау жоспарланған. ҚТЖ және "ҚазКорТрансСервис" АҚ үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ақбидай және Северный портының астық терминалдарында түсіру үшін вагондарды уақтылы беруді және бостарын пойыздармен шығаруды ұйымдастырады.
Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және ҚХР елдері болып қала береді. Бұл ретте, соңғы үш жылда Қытайға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
80
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы