Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Цифрлық технологияларды енгізу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және адами факторды болдырмайды. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов Логистика және көлік академиясында (ҚазККА) өткен ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі IV Еуразиялық форумында айтты.
Форумға теміржол әкімшіліктерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлікшілер одағының, Қазақстан машина жасаушылар одағының, "Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша әріптестік" қауымдастығының, сондай - ақ салалық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚТЖ-да енгізілетін маңызды құрал рельстердің дефектоскопиясы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру моделіне көшу болып табылады. Бұл проблемалық аймақтарды анықтауға, рельстегі ақауды ерте табуға және оның сынуын болдырмауға мүмкіндік беретін тиімді өлшеу жүйесі.
2022 жылдан бастап ҚТЖ-да пойыздар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін, магистральдық желіні диагностикалау кезіндегі еңбек өнімділігін арттыруға және адами факторды жоюға бағытталған мобильді диагностика құралдарын жоғары дәлдікпен орналастыру жүйесіне сынақтар жүргізілуде.
Ақтөбе станциясында персоналдың қателіктерін барынша азайтып, техникамен штаттан тыс жағдайлардың алғышарттарын ескертетін "тежегіштерді есепке алу және сақтау" автоматтандырылған жүйесі тәжірибелік пайдаланудан өтті.
"Инфо-орталық" жүйесі енгізілуде, ол темір жолдағы жағдайды өндірістік қызметтің пайдалану көрсеткіштері, Инфрақұрылым құрылғыларының жай-күйі және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша бақылайды. Бағдарлама деректердің көп мөлшерін жедел жүйелейді және ҚТЖ мен жол бөлімшелерінің басшылығына дайындықта болып, басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Биылды4 9 айы қорытындысы бойынша темір жолдағы тасымалдау процесінің барлық қатысушылары жіберген бұзушылықтар саны 2022 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне қарағанда 4% төмендеді. ҚТЖ бойынша бұл көрсеткіш 14% төмендеді. Бұған жүйелі шараларды іске асыру және ревизорлық аппаратының тиімді жұмысы есебінен қол жеткізілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы