Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қарағанды, Жамбыл, Балқаш, Қандыағаш, Алматы, Шу және Астана станциялары локомотив пайдалану деполарының тәжірибелі машинист-нұсқаушылары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жылжымалы құрамының тежегіштерін пайдалану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу үшін елордаға жиналды. Сондай-ақ, бұл жұмысқа жеке тасымалдаушының өкілдері де тартылды.
Құжат алғаш рет 1997 жылы қабылданды, содан кейін 2015 жылы қайта қаралды. Бұл теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүк пен жолаушыларды теміржол көлігімен уақтылы және апатсыз жеткізуге, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуға бағытталған теміржолдың негізгі құжаттарының бірі. Онда тежегіш жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету алгоритмі бекітілген.
Бір ай ішінде Нұсқаулыққа өзгерістер енгізіледі деп жоспарлануда. 220-дан астам бет, 22 тарау қайта қаралады. Өзгерістер қажет және жаңа локомотив серияларын енгізумен байланысты заманауи талаптарға сай атқарылуы тиіс.
Содан кейін құжат қарау үшін барлық құрылымдарға жіберіледі. Теміржолшылар оны талқылап, нормативтік базаны өзгерту, автотежегіш жабдықтардың жұмыс технологиясын жетілдіру, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бөлігінде өз ұсыныстарын енгізе алады. Нұсқаулық келісу рәсімінен кейін - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін қабылданады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету