Главная Новости ҚТЖ-да Дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу өтті
11 сәуір 2024, 10:17 269

ҚТЖ-да Дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу өтті

ҚТЖ-да Дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу өтті

ҚТЖ-да Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелеріне арналған дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу болып өтті. 

Іс-шараға қатысушылар - шет мемлекеттердің 30 астам елшісі, сондай-ақ ЕҚДБ мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Кездесуде ТХКБ  артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырылып, дәлізді дамыту нәтижелері мен халықаралық ынтымақтастық перспективалары ұсынылды және Қазақстанның 2023 жылғы теміржол саласының қорытындылары көрсетілді.

10 жыл ішінде ел аумағы арқылы контейнерлік транзит 4,7 есе өскені атап өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 27 млн тоннадан асты, бұл компанияның тарихи ең үздік көрсеткіші болып табылады. Бұл ретте, 2023 жылы ТХКБ арқылы тасымалданатын жүктер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайды және шамамен 2,8 млн тоннаны құрады. 2024 жылға ТХКБ бойынша болжамды көлем 4 млн тоннаны құрайды. Орта мерзімді перспективада - 10 млн тоннаға дейін.

Ол үшін ҚТЖ ТХКБ “жұмсақ және қатты инфрақұрылымын” дамыту, Қазақстан аумағында да, елден тыс жерлерде де логистикалық қызметтер сервисін арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізеді. Ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Өз сөзінде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев ДБ жүргізген зерттеу ТХКБ-де жүк тасымалының ағымдағы көлемін 3 есеге арттыруға көмектесетін ықтимал шешімдерге талдау жасағанын атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: