Главная Новости ҚТЖ-да екпе алу қарқынды жүріп жатыр
28 сәуір 2021, 08:04 782

ҚТЖ-да екпе алу қарқынды жүріп жатыр

ҚТЖ-да екпе алу қарқынды жүріп жатыр

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еріктерімен қабылдауда. Пандемияның таралуына қарамастан, теміржолшылар, әсіресе тасымалдау процесіне тікелей қатысатындар өз орындарында жұмыстарын жалғастыруда. Тек кеңсе қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істейді, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміржол қызметкерлері пандемиямен күресуге өз үлесін қосуға тырысуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-19 таралуын тоқтату, сондай-ақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халық немесе қызметкерлердің жалпы санының 65-70%-ына вакцина егілуі қажет.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да 1 200-ден астам адам вакцина алды. Екпе қабылдағандар саны бойынша көш басында Орталық аппарат пен Шаруашылық Басқармасы филиалдарының қызметкерлері тұр.

Өңірлер бойынша алғашқы бестікке Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Көкшетау қалалары кіріп отыр. Соңғы аптада Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз және Қызылорда белсенді бола түсті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: