Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы қаласында «2022 жыл – жарақат алмай өтетін жыл» деген тақырыпта екі күндік семинар өткізілді. Оған жол бөлімшелерінің бас инженерлері, өндірістік қауіпсіздік және экология қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Көлік прокуратурасы, көліктегі СЭҰ өкілдері және еңбек бойынша мемлекеттік инспекторлар шақырылды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ жариялаған «Қауіпсіздік және еңбек қорғау жылы» аясында ұйымдастырылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – техникалық саясат департаменті директоры Батыр Котырев компанияда соңғы 10 жылда болған барлық қайғылы жағдайларға талдау жүргізілгенін атап өтті. Сосын қауіпті күшейтумен байланысты жұмыстар тізімі жасалды.
2020 жылдан бері компанияда «Өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша біріктірілген жүйе» сандық мобильді платформасы енгізілген. Өндірістегі қайғылы жағдайлар туралы теміржолшыларға push-хабарлама арқылы ұялы телефонмен ақпарат беріледі. Бұл жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін еске салу үшін жасалады. Сонымен қатар жүйе әрбір жұмысшыға қауіпті еңбек жағдайы, әлеуетті қауіпті оқиғалар мен қауіпсіз емес жұмысты тоқтату туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі мобильді қосымша арқылы тіркеліп, автоматты түрде компания басшылығына жеткізіледі. Жыл сайын әлеуетті-қауіпті оқиғаның алдын алған белсенді және мұқият теміржолшыға отбасылық туристік жолдама үшін 3 млн теңге көлемінде сыйақы төленеді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-дегі өндірістік жарақат алуды ескертуге және еңбек жағдайы мен қорғауды жақсартуға бағытталған негізгі шаралар туралы серіктестік бас директорының орынбасары Марлен Көкірекбаев айтып берді.
Сонымен пилоттық режимде «Smart ВЧД (вагон пайдалану депосы)» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы вагон деполары полигондарында сыналды. Мақсаты – вагон қараушылар мен вагон операторларының барлық жұмыс процесін цифрландыру.
Жоба вагон қараушыларды қағазбастылықтан босатуға мүмкіндік береді. Мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру кезінде анықталған ақаулар фото-деректерін енгізе отырып тіркеледі және вагон операторының порталына жолданады. «Smart ВЧД» уақытты үнемдеп, туындаған мәселелерді жедел шешуге, деректерді беру кезінде қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

«Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ ЭДТ) қызметін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде сөз машинистерге арналған мобильді қосымша енгізу, локомотивтердің борттық электронды журналын жасау және басқа да мәселелер туралы болып отыр. Негізгі мақсаты – локомотив бригадаларының жұмысын жеңілдетіп, еңбек тиімділігін арттыру.
«Жұмыс орнында болатын қайғылы жағдайлардың барлығының да алдын алуға болады. Аталған шараларды жүзеге асыру өндірістік жарақат алушылықты мүлдем азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Марлен Көкірекбаев.
132
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!