Главная Новости ҚТЖ-да қазақша сөйлесу клубы ашылды
06 қыркүйек 2024, 13:27 471

ҚТЖ-да қазақша сөйлесу клубы ашылды

ҚТЖ-да қазақша сөйлесу клубы ашылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Мемлекеттік тілді дамыту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында алғаш рет қазақша сөйлесу клубы ашылды. Клубтың алғашқы отырысы 5 қыркүйек алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазы» тақырыбына арналды.

Алғашқы сөз кезегін алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы бұл клубтың мақсаты қазақ тілін дәріптеп, оның қолдану аясын кеңейту екенін атап өтті.  

– Клуб отырысына ынта білдіруші кез келген жан қатыса алады. Қазақша үйренгісі, сөйлегісі келетіндерді, қазақ тілін біле тұрып, сөйлеуге қиналатын азаматтарды да шақырамыз. Бұл жерде олар тілдік ортада сөйлеу барысындағы кедергілерді жоюға, сөздік қорларын байытуға, дамытуға мүмкіндік ала алады. Мемлекеттік тілді дамыту бағытында алға қойған үлкен іс-шараларамыз бар. Соның бірі – жұма күні өтетін қазақша интеллектуалды ойын «Квиз». Сондай-ақ мемлекеттік тілді білуді насихаттаған байқаулар өтеді. Ал бүгінгі сөйлесу клубы алдағы ізгі істердің бастауы деп білеміз, – деді ол.  

Бұдан кейін әңгіме ауаны қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы, ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, бір сөзбен айтқанда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына ойысып, ұлы тұлға жайлы бейнеролик көрсетілді. Клубты ұйымдастырушылар халқымыздың ірі тұлғалары туралы қосымша ақпаратты ғимаратымызда ілінген олардың портреттерінен QR арқылы табуға болатынын жеткізді.  

Бұдан кейін ұлты үшін қызмет еткен ұлы тұлғаның «Маса» жинағының негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, еңбек етуге үндеу болғанын, қазіргі уақытта сауатты, ең бастысы елін, ана тілін сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін не қажет деген сауалға қатысушылар үш топқа бөлініп, командалық ойталқы жасай отырып, жауаптарын қағаз бетіне түсірді.  

Келесі кезекте қатысушылар ұялы телефондарындағы камерамен QR арқылы немесе «Kahoot.it» сайтына кіріп, Ұлт ұстазы жайлы сұрақтардан тұратын «Kahoot» ойынына қатысты. Сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап берген қатысушылар арасында үш жеңімпаз анықталды, олар: Ақмарал Рахманова, Гүлнар Беспаева, Мәдина Сағынаева сынды қызметкерлер. Жеңімпаздар мен клуб жұмысына белсенді қатысқан қонақтарға естелік сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ клуб жұмысына риза болған ардагер теміржолшы Берік Айтбеков ақжарма тілегін білдірді. Жиын «KTZ Express» АҚ Салық және бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері Гүлназ Рамазанованың А.Байтұрсынұлының досы Файзолла жазған соңғы хаты «Қаншеңгел» өлеңімен қорытындыланды.

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: