Главная Новости ҚТЖ-да Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
22 июля 2025, 14:46 522

ҚТЖ-да Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚТЖ-да Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2025 жылғы 22 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Грузия экономика және орнықты даму министрінің орынбасары Гурам Гурамишвили және «Грузин темір жолы» АҚ Бас директоры Лаша Абашидземен кездесті.

Қазақстандық теміржолшылар теміржол және терминал инфрақұрылымын кеңейту, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан шыққан контейнерлік пойыздардың ТХКБ арқылы өтуі 33 есеге артқан.

Кездесуде екі елдің теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі де қаралды. Атап айтқанда, ТХКБ аясында мультимодальды сервисті дамыту мақсатында құрылған Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорнының жұмысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қонақтар логистикалық процесстерін жеңілдетіп, жүк тасымалдарының ашықтығын арттыратын «Бірыңғай цифрлық терезе» платформасының жұмысыментанысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: