Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық компанияның басты активі мен әлеуеті – адам ресурстары. Мыңдаған қызметкерлерден тұратын ұжымдардың басын біріктіретін компаниядағы кадрлық саладағы бастамалар туралы жақында «Магистраль» сарапшылар форумындағы дөңгелек үстелде сөз болды.
Арнайы хабарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева және «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов қонақ болды. Форум қатысушылары компанияның кадр саясатындағы басым бағыттар және стратегиялық жоспар мен мақсаттар туралы баяндады. Сонымен қатар кадр саясатын дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.
– Биыл Мемлекет басшысы ҚТЖ-ны көлік-логистикалық компанияға айналдыруды ұсынып, бізге үлкен стратегиялық тапсырма берілді. Бізде одан бөлек жаңа жолдар, логистикалық хаб салу бойынша бастамалар бар. Осы жобалардың бәрі бізге сәйкесінше қосымша кадрлық персонал тарту міндеттерін жүктейді. Қазіргі таңда біз үшін логистикалық салада біліктіліктері бар мамандар қажет. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді қайта оқыту, біліктілік арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістегі үнемшілдік, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, еңбек қорғау саласында да жұмыстар жетілдірілуде. Әсіресе, қауіпсіз еңбек жағдайына баса көңіл бөлінеді. Міне компанияның кадр саясатының негізгі бағыттарына осылар жатады,– деді С. Истлеева.
Ол сондай-ақ қазіргі таңда компанияның кадрлық қызметі жаңа жұмыс форматына өтіп жатқанын жеткізді. Ұсынылып жатқан бастамаларды жүзеге асыру нәтижесі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және өндірістік қауіпсіздікті күшейту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, еңбек қорғау және қаржылық-экономикалық және басқа да көрсеткіштерге әсер етуі бойынша бағаланады.
Орталық аппараттан бастап шалғай станцияларға дейінгі теміржолшылармен бетпе-бет жиі кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайымен танысатын кәсіподақ өкілі компаниямен арада жасалған Ұжымдық шарттың артықшылықтары, жалпы жұмысшылардың талаптары туралы айтты.
– Кәсіподақ тікелей басшылықпен бірге жұмыс істейді. Бүгінде ұжымдық шарттың бағасы 2023 жылға 18 млрд теңгені құрайды. Ұжымдық шарттың нормалары өте көп. Бұл қаржы демалысқа, балалар демалысына, жылына бір рет теміржолмен жүру ақысына, қосымша еңбек демалыстарына және тағы басқа салаларға төленеді. Сонымен қатар маңызды бір мәселе – жолшылар жағдайын жөндеу үшін 2024 жылы қаңтар айынан бастап оларды ертерек зейнетке жіберу бойынша ұсынысқа қарай отырыс хаттамасы бар, яғни олар 60 жаста зейнетке шығарылып, 63 жасқа дейін компания есебінен төлемақы алады. Бұл тәжірибе бізде локомотив саласында бар, бұрын олар 59 жасында кететін, қазір 57 жаста зейнетке шығады, – деді кәсіподақ өкілі.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»