Главная Новости ҚТЖ-да локомотив шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспары әзірленеді
29 шілде 2024, 15:32 1005

ҚТЖ-да локомотив шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспары әзірленеді

ҚТЖ-да локомотив шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспары әзірленеді

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында локомотивті пайдалану депосының жұмысын қорытындылады. 

Қорытынды кеңес Түркістан қаласының локомотив депосында Бас директордың локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Асан Үмбетовтың төрағалығымен "Қамқор-Локомотив" ЖШС басшыларының, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС пайдалану және жөндеу департаменттерінің, локомотив депосы бастықтарының қатысуымен өтті. Кездесу аясында жұмыс барысы қорытындыланды, тәжірибе алмасып, үздік деполар атап өтілді.

Бірінші жартыжылдықта жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалық көрсеткіштері орындалды, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді. Локомотив өнімділігі өткен жылғы деңгейге қарағанда 100,7% орындалды. Техникалық жылдамдық 102%, учаскелік жылдамдық 104% өсті. Локомотивтің жүрісі 103,5% орындалды. Локомотивтің пайдалы жұмыс уақыты 13,22 сағатты құраса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101% өсті. Бірінші жартыжылдықта қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларының төмендеуі тіркелді және локомотивтердің дизель отынының 759 тоннасын үнемдеуге қол жеткізілді.

Биыл 23 нысанға (локбригадалардың демалыс үйлері, вагондарға қызмет көрсету пункттері, әкімшілік ғимараттар және т.б.) күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, 10 нысанда ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 2024 жылы локомотивтер паркі 67 бірлікпен толықтырылды, барлығы 109 заманауи локомотив сатып алынады.

Кеңес қорытындысы бойынша Қандыағаш депосында локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарланған, бұл локомотивтерді жөнелту шығындарын және оларды жөндеу құнын төмендетеді. Сондай-ақ, локомотив шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспары әзірленіп, онда пайдалану деполары мен жөндеу кәсіпорындарының орналасқан жерлері, локомотивтердің орналасуы, локомотив бригадаларына қызмет көрсету иықтары, демалыс үйлерінің орналасуы, техникалық қызмет көрсету пункттерін жаңғырту және т. б. ескерілетін болады.

Кеңесте жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген локомотив деполары және локомотивтерді жазғы тасымалдауға дайындау сапасы анықталды. "Бірінші топтағы локомотив депосы (тепловоздар)" номинациясында бірінші орын Павлодар локомотив пайдалану  депосына, екінші орын - Қызылорда депосына, үшінші орын — Сексеуіл депосына берілді. "Екінші топтағы локомотив депосы (электровоздар)" номинациясы бойынша Арыс депосы (1 орын), Астана депосы (2 орын), Екібазтұз депосы (3 орын) жеңімпаз атанды. "Үшінші топтағы локомотив депосы (тепловоздар)" номинациясында үздік үштікке Атырау, Мақат және Аягөз депосы кірді. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: