Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Samruk Business Academy мен бос орындар орналастырылатын және конкурстық рәсімдер өткізілетін QSamruk.kz жобасымен бірлесіп, ҚТЖ компаниялар тобы ұйымдастырған онлайн бос орындар жәрмеңкесіне 100-ге жуық мүгедек адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, олардың әлеуетін ашу және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге ҚТЖ еншілес ұйымдары мен филиалдары: "Кедентранссервис" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "Магистральдық желі дирекциясы", "Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы", "Жол диагностикасы орталығы", "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінде бос орындар ұсынылды. Олардың ішінде: тауар кассирі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер, экономист, эколог, менеджер және басқалар.
Жәрмеңке барысында ҚТЖ өкілдері теміржолдағы жұмыс жағдайлары, әлеуметтік қолдау туралы айтып берді.
Тікелей эфирде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі бос жұмыс орындары, икемді жұмыс кестесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Онлайн жәрмеңкенің жазбасы ҚТЖ-ның YouTube арнасында сақталады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!