Главная Новости ҚТЖ-да Сиань қаласындағы жүк терминалының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды
16 маусым 2023, 08:41 908

ҚТЖ-да Сиань қаласындағы жүк терминалының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

ҚТЖ-да Сиань қаласындағы жүк терминалының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ басшылығы мен қытайлық Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь Сиань құрғақ портының аумағындағы жүк терминалын салу бойынша бірлескен логистикалық жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Rail-news.kz.

Кездесуде техникалық және ұйымдастырушылық-әкімшілік мәселелері талқыланды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, жер телімдерін ресімдеуді жылдамдату бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Терминалды 2023 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.  

Сонымен қатар қытай тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының заманауи логистиканың негізгі байланыстырушы бөлігі ретіндегі рөлін атап өтті және Ақтау қаласы портында контейнерлік хаб құру жобасына қызығушылық танытты.  

«Кедентранссервис» АҚ транзиттік жүк ағынын дистрибуциялау және шоғырландыру орталықтарын, дамыған инфрақұрылым құру үшін ішкі және сыртқы, соның ішінде Қытай аумағында терминалдар желісін жасау бойынша жобаларды жүзеге асырады.  

Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD компаниясының ҚТЖ-ның инфрақұрылымдық жобаларындағы әлеуетті қатысу мәселелерін зерделеу және алдағы ынтымақтастықты нығайту үшін Сиань портынан келген делегация Алтынкөл, Алматы және Ақтау портындағы терминалдарды аралады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: