Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Теміржол саласы персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы базасында Магистральдық желі дирекциясының электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі қызметкерлері үшін "Үздіктер алаңы" Корпоративтік даму бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті.
Бағдарламаның ашылуына "ҚТЖ" ҰК" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев қатысып, қазіргі әлемде оқыту мен дамытудың маңызды рөлін және олардың теміржол саласы қызметінің тиімділігіне әсерін атап өтті.
Корпоративтік даму бағдарламасын Адам ресурстарын басқару департаменті Магистральдық желі дирекциясымен бірлесіп қызметкерлердің құзыреттерін дамыту, жеке және командалық тиімділік деңгейін арттыру және компания мамандарының пулын құру үшін әзірледі. Оқытудан өндірістік-техникалық бөлімдердің 25 бастығы және 34 аға энергия диспетчері өтеді.
Бағдарлама шеңберінде интерактивті сабақтар өткізу, жаңа білімді тәжірибелік пысықтау, бейінді сарапшылардан желілік байланыс алу және кері байланыс алу, компанияның сыртқы провайдерлерін де, ішкі жаттықтырушыларын да тарту, Hard, Soft и Digital skills-ті дамыту жоспарланған.
Оқыту электрмен жабдықтау саласындағы ең жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін қамтиды, бұл қызметкерлерге соңғы үрдістер мен инновациялардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, бұл тәуекелдерді азайтуға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарлама ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және бүкіл электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Даму бағдарламасы екі айға есептелген және аралас форматта өтеді. 2024 жылғы 27 шілдеде практикалық тапсырмалардың қорытындысын шығару және энергетика саласы өкілдерімен панельдік сессия өткізу жоспарлануда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы